«Өзін батырмын деп санамайды»: Ер адам Арысқа 5 рет барып, тұрғындарды құтқарған (видео)

Арыстағы әскери бөлім аумағындағы жарылыс кезінде Жалғас есімді ер адам қалаға 5 рет барып, адамдарды құтқарған. Бастапқыда шымкенттік тұрғын Арыстағы туыстарын табу үшін Алматыдан келіпті. Алайда артынша жолында кезіккендердің бәрін қаладан алып шығыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Өзін батырмын деп санамайды»: Ер адам Арысқа 5 рет барып, тұрғындарды құтқарған (видео)

Бұл туралы құқықтанушы Еркін Қахаров Facebook желісінде жазды. 

Құқықтанушының сөзінше, Жалғас Арыста жарылыс болып жатқаны туралы ақпарат тараған бойда сол жаққа аттаныпты. Нәтижесінде ол қалаға 5 рет барып, жолында кезіккен 40-қа жуық адамды алып шығып, өзінің және әпкесінің үйіне орналастырған. 

Қазіргі уақытта ол Арыстан жеткізілген тұрғындарды ас-ауқатпен қамтамасыз етуде. 

«Ол өзін батырмын деп санамайды. Ал мен үндемей жақсылық жасап, олардың әрекеті туралы ешкім білмейтін адамдардың көп екенімен мақтанамын. Оның қарапайымдылығы мені таңғалдырды», - деп жазды Еркін Қахаров. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр