Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өзін әкіммін деп алдаған: Павлодарда әскери қызметкер жазаланбақ

Павлодар қаласында әскери қызметкер Instagram желісінде Ақсу қаласының әкімінің атынан парақша ашып алған. Осылайша, ол оқырмандарының санын арттырмақ болыпты. 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Павлодар облыстық әкімдігінің әдеп жөніндегі уәкілі Юрий Фельдманның сөзінше, @ibraevbalgabay жалған парақшасы Instagram желісінде 2019 жылдың 15 ақпанында тіркелген. Онда тұрақты түрде түрлі суреттер мен жазбалар жарияланыпты. 

Бұл туралы белгілі болғаннан кейін, парақша иесін анықтауға бір апта уақыт қажет болған.

Анықталғандай, Ақсу қаласының әкімі Балғабай Ыбыраевтың атынан парақша ашып, оны жүргізген Павлодар қаласының 29 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол ҚР Ұлттық ұланының әскери қызметкері екен. 

Юрий Фельдманның сөзінше, әскери қызметкер түсініктемеде жалған парақшаны өзі ашқанын жазған. Оған жұбайым, туыстарым, таныстарым мен әріптестерімнің қатысы жоқ, дейді. 

«Оның Instagram желісіндегі Ақсу әкімінің атынан ашқан парақшасы 4-5 апта көлемінде жұмыс істеп тұрды. Осы уақыт ішінде 900-ге жуық оқырман жазылған. Оның түсіндіруінше, осылайша Ақсуда көбірек оқырман жинап алмақ болыпты. Артынша парақшаны өз атына өзгертіп, танымал етпек болған», - дейді Фельдман. 

Әскери қызметкердің қызметтік тәртіп пен моральдық-әдеп ережелерін бұзуына байланысты қызметтік тексеріс жүргізілді. Соның нәтижесінде оған сөгіс жарияланды. 

Қазіргі уақытта оны ҚР «Әскери қызмет және әскери қызметкердің мәртебесі туралы» Заңының 26-бабына сәйкес қызметінен босату мәселесі шешіліп жатыр. 

«Ол денсаулығына байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық алғандықтан, оның Ұлттық ұлан қатарында әрі қарай қызмет ету-етпеу мәселесі қызметіне кіріскеннен кейін шешіледі», - дейді әкімдіктің әдеп жөніндегі уәкілі. 

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Бала ауырса, ата-ана қарым-қатынасына мән бергені жөн": Ментальды ауытқуы бар адамдарды қалай емдеуге болады

Маман ментальды ауытқуы бар адамдарды еңбектің көмегімен емдеуге болатынын айтты

"Тығып қойған ақшамның бар екенін ұмыттым": бойжеткен миллиондап жинаған ақшаны аққұмырсқалар жеп қойды

Бойжеткен жергілікті банкке барып, бір миллион рупийін ауыстырып алды

Қатыгез балалар: Нұр-Сұлтан тұрғыны итті оны өлтіре жаздаған жасөпірімдерден құтқарды (видео)

22 тамыз күні 12, 10 және 7 жастағы төрт жасөспірімнің итті ағашқа байлап, ұра бастағандығы белгілі

Шымкентте Ұлттық гвардия жауынгерлері матч кезінде алаңға шығып, төрешіні қорғады

Футболшылар төрешімен сөзге келіп қалды

"Барма, әйтпесе түтіп жейді": Желіде Назарбаевтың кеншілердің алдында сөйлеген сөзінің видеосы пайда болды

Ол жылдары еліміздің тұңғыш президенті Қазақстан компартиясы ОК-нің хатшысы ретінде қызмет еткен

"Кез келген уақытта жарылып кете салуың мүмкін": Кеншілер еңбегін жоғары бағалауды сұрады

Ержан Қонақбаев: Алатын ақшамыз үшін шүкір, бірақ еңбегіміз бұдан да жоғары бағаланса жақсы еді

Қатерлі ісікке шалдыққан спортшыға шұғыл түрде донор қажет

"Тобол" клубының экс-футболистіне диагноз шамамен үш жыл бұрын қойылған

Тоқаев Қазақстанда жаңа университет ашуды тапсырды

Президент елдің ең көрікті жерлерін шетелге танытып, көрсетудің маңыздылығына тоқталды

"Димаш ішпейді және шекпейді": әншінің жанкүйерлері желіде тараған суретті талқылап, өнер иесінің сөзін сөйледі

Кейбір адамдардың көзіне Димаш темекі ұстап тұрғандай көрінген

Азаматшасы күйеуін "қатты жақсы көргені үшін" сотқа берді

Ер адам әйелінің орнына бірнеше рет үй жинап, тамақ әзірлеген. 
Çàãðóçêà...