Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Өзіме жала жаптым": ҰЭМ департаментінің экс-басшысы бұрынғы берген жауабынан бас тартты

ҰЭМ департаментінің экс-басшысы Асланбек Жақыпов өзінің берген жауабынан бас тартты. 

ҰЭМ бұрынғы басшысының берген жауабынан бас тартатынын қорғаушысы мәлімдеді, деп хабарлайды Bnews.kz.

Сотта айыпталушының қорғаушысы Жақыповтың мәлімдемесін оқып, іске қосуды сұрады.

"Жақыпов бұрын істемеген қылмысын мойындап, өзіне жала жапқанын мәлімдейді. Оны сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің қысымымен жасады. Бұған дейін тергеуде айтқан барлық жауабынан бас тартады. Сот тергеуінен жауабын тыңдауды сұрайды", - дейді адвокаты. 

Айыпталушы тағы бір қорғаушыны тыңдауды сұрады. Енді адвокатынан бөлек оның құқығын әкесі Жақыпов Қуандық қорғайтын болады. 

Айыпталушының әкесі заңгер, екі жоғары білімі бар. 35 жылдық тәжірибесі бар. 

Сот Асланбек Джакуповтың өтінішін қанағаттандыру туралы шешім қабылдады және келесі кездесуді 17 шілдеге жоспарлады.

Еске сала етсек, Асланбек Жақыповқа биыл сәуір айында 500 мың теңге көлемінде (бір долларға 380 теңге бағамында 1300 доллардан жоғары) пара алды деген айып тағылды. Кейінірек сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы ұлттық экономика министрлігіндегі бірқатар лауазымды тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтты. Жақыпов сотта биыл үйленгелі отырғанын айтты. Ал, сот шешімі күшіне енгенде ұлттық экономика министрі отставкаға кететінін айтты.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр