Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзгермегенсің, табиғи сұлулық": Кәмшат Жолдыбаеваның мектеп кезіндегі суреті жұртты сүйсіндірді

Кәмшат Жолдыбаева кішкентай кезіндегі суретін көрсетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өзгермегенсің, табиғи сұлулық

Танымал өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жас кезіндегі суретін жариялаған. Ол мектеп формасымен тұрған сәтін оқырмандарымен бөлісіп, өзінің әдемі екенін жеткізді. "Сұлумын мен" деп жазған өнер иесінің бейнесін көрген жұрт жарыса пікір жазып, ойларын білдірді. 

"Еш өзгермегенсің, табиғи сұлулық", "Өте инабатты", "Сүйкімді, нәзік болған екен", "Кәмшат, сені қатты құрметтеймін. Қылығың да, түрің де, даусың да, өнерің де бәрі шынайы, өзіңе жарасымды. Жаным сол, тек қана алға. Қателеспейтін адам болмайды. Киноның бәрі сенсіз қызық емес", - деп жағымды ойларын жеткізген.

Алайда, өнер иесін сынның астына алып, бұрын сұлу болғаныңмен, қылығың ерсі деп айыптап, ойларын ашық жеткізгендер де табыла кетті. Олар сұлулықты мәңгілік сақтай алмайсың деп ескерткен. 

"Әркімге өзінің бейнесі сұлу. Сұлулықты сақтап тұры ешкімнің қолынан келмейді. Кемпір болсаң да буыныңды көрсетіп, өзіңді бейшара қылғаның болмаса, бәрі жақсы. Қазақтың қызы деген аттан садаға кет", "Маңдайы 1 километр", "Сен сұлу болсаң, біз үндемейік", - десті жұрт. 

Талқылау