Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өз үйінен тіркеуден шығып қалған: Қарағанды тұрғындары үйінде бірнеше бейтаныс адамдарың тіркеуде тұрғанын анықтаған

Қарағандының екі тұрғыны өз үйлерінде тіркеліп тұрған бірнеше отбасы бар екендігін анықтады. Үйдің иелері ХҚКО барып, әлгі адамдарды тіркеуден шығарып отырса да, біраз уақыттан кейін олар тұрғын үй тіркелушілердің қатарынан қайта шығатын көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Бір-біріне көрші тұратын анасы мен қызы өз үйлерінде бейтаныс адамдардың тіркеліп тұрғандығын жақында білген. Айтуларынша, бірінің үйінде 6, екіншісінде 8 адам тіркеуде тұр екен. ХҚКО қызметкерлері тіркелген адамдардың үй иесінің туыстары емес бөтен біреулер екендігін көргенде қатты таңқалыпты. 

Ең қызығы, Қарағанды тұрғыны Надежда Клеин мұны өз көршілерінің ісі екендігін анықтаған. Оларды тіркеуден шығарып тастаған күннің өзінде біраз уақыттан кейін қалай екені белгісіз қайта тіркеліп алады екен. Әжейдің айтуынша, арсыз көршілері үй иесінің өзін өз үйінен тіркеуден шығарып тастапты. 

Миграция қызметінің түсіндіруі бойынша, Клеиндер отбасысымен олардың көршілерінің мекен-жайы бірден көрінеді. Тұрғын үйлерді қайта тіркеуден өткізген кезде түсінішпеушілік орын алып, бір қызметкерлер үйді солдан оңға қарай, екінші бірі оңнан солға тіркеген.

Жер қатынастар бөлімінде бұл жағдай мемлекеттік деректер базасының бір-біріне қосылғанда пайда болған көрінеді. Мәселені бірнеше күннің ішінде шешеміз деп уәде берді. 

Қазіргі таңда тіркеуден қайта өтпеген екі мыңға жуық мекен-жай қалыпты. Көп жағдайда мекен-жай қайталынып кеткен, дегенмен бұл жылжымайтын мүлік иелері өз үйлерінен айырылады деген сөз емес. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Құдыққа құлап қаза тапқан баланың анасы Алтай Күлгіновпен кездесуді армандайды

Ұлдың өліміне кінәлі деп табылған компанияның жетекшісі әйелге көңіл айтпаған

Қазақстанда есірткіні жарнамалаған компания қомақты айыппұл төлеуге мәжбүр

Жарнамаға тапсырыс беруші заң жүзінде жазаланады

Атырауда 4 жасар бала 100 теңгені жұтып қойып, бір өлімнен аман қалды

Жүз теңгелік монетаның диаметрі кішкентай бала тұрмақ, үлкен адамның өңешін бітеп тастайды

Экономистер жиналған қаражатты зейнетке шыққанға дейін пайдалануды ұсынды

Мамандар елімізде алты миллионнан көп адамның үй-күйсіз жүргенін негізге алды

"Манчестер Юнайтед" футболшыларын Нұр-Сұлтандағы өмір шошытты

Футболшыларға елорда көшелерінде ұзақ жүрмеуге кеңес берді

"Жетім балаларды шетелге сатуды тоқтатсын!": Әмина қажы қаракөздеріміздің шетел асып кетуіне қарсы шықты

Әмина қажы: Шетелде дені сау қара домалақтарымызды арам пиғылда пайдаланбауына кім кепіл?!

Бекболат Тілеухан: Педофилдердің жақсылап тұрып басын жұлып алушы едім

Депутаттар Тараздағы мектеп әжетханасында оқушы қыздың зорланғанына алаңдаушылық білдірді

Алматыда маньяк жүр: Ер адам 12 жастағы оқушыға пышақпен тап берді

Қазір қаскөйді тәртіп сақшылары іздеп жатыр

Қазақстанда есірткі жарнамасы бар 8 баннер анықталды

Олардың жарнамалық компанияның тапсырысымен орнатылғаны атап өтілді

Таразда зорланған оқушы үшін облыстық білім басқармасының басшысы қызметінен кетті

Зорлау фактісі бойынша тергеу жалғасуда
Çàãðóçêà...