Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өз туысын өлтіріп алған: Қазақстандық боксшының тұтқындалуының мән-жайы белгілі болды

Қостанай облысында адам өлтірді деген күдікпен тұтқындалған танымал боксшының оқиғасының мән-жайы айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. 

Аслан Мұқанов

Белгілі болғандай, оқиға 11 шілдеде Алтын дала аулындағы жекеменшік үйлердің бірінде орын алған. 31 жастағы ер адам жанжал барысында өзінің 32 жастағы туысына пышақ жарақатын салған. Ер адам алған жарақатының салдарынан сол жерде көз жұмыпты. Болған жағдай туралы полицияға марқұмның әйелі хабарлаған. Ол күйеуін өлі күйінде тауыпты.

«Күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Ол өзеннің арғы бетіне жүзіп өтіпті. Алтын дала аулынан 8 шақырым жерде ұсталды», - дейді Қостанай аудандық жергілікті полиция қызметінің бөлім басшысы Серік Рақышев. 

Полиция күдіктінің танымал спортшы, Қостанай қаласының тумасы екенін растады. 

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-тармағына (Кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті тұтқындалған. 

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлем чемпионы атанған қазақстандық боксшы адам өлтірді деп күдіктеліп, тұтқындалғанын хабарлаған едік.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр