Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өз мамандығын шексіз сүйетін: Жер қойнына тапсырылған екінші ұшқыштың қызы әкесі жайлы айтты

Бүгін "Бек эйр" ұшағының екінші пилотының денесі жер қойнына тапсырылды. Қаралы жиында оның қызы, әкесінің өз мамандығын шексіз сүйгенін және жұмысқа оралуға асыққанын айтты.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Марқұмды ақтық сапарға шығарып салуға оның әріптестері мен туыстары келді. Атышулы әуе компаниясының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов та қара жамылған отбасыға көңіл айтуға келіп, БАҚ өкілдеріне ләм-мим демей, сұхбат беруден бас тартты.

Марқұм Мейіржан Молдақұловты туған-туыстары мен әріптестері қимастықпен соңғы сапарға шығарып салды. Қоштасуға келген жұрттың қарасы көп болды. Туған жері Ақтөбеден де ет-жақындары жеткен.  Ал "Бек Эйр" әуе компаниясының ұжымын Нұрлан Жұмасұлтанов бастап келді. Марқұмның денесі әуежай маңындағы «Маяк» елдімекеніндегі зиратқа қойылды.

"Жақсы адам еді. Бізден осындай жас кадрлардың кетіп жатқаны өкінішті. 54 жас деген не? Ондай жаста әлі ұшу керек. Әрине, өкінішті,  жанымызға батады. Командирі 58 жаста еді, өзі 54 енді толып еді. Олар өте экстремалды жағдайға тап болды. Егер ұшуды доғарғанда барлығы жақсы болар еді", - деді әріптесі Станислав Православ. 

Ал, "Бек Эйр" басшысы БАҚ өкілдеріне сұхбат беруден ат-тонын ала қашты.

Астан шыққан кезінде де тілшілірді итеріп, сыртқа қашып шыққан ол көлікке барып бас сауғалады. Ал марқұмның әріптестері барлық шығынды әуе компаниясы көтеріп алғанны жеткізді. Отбасы көмектен тарығып отырған жоқ деп сендірді.

"Кеше қонақасын таратты компанияның атынан. Жерлеу рәсімін, қонақасын кеше таратты. Бүгін міне асының ақшасын төлеп, өзі көтеріп жатыр. Акимат көмектесіміз деген, бірақ олардан жәрдем болмады", - деді компания қызметкері Сәкен Жарқымбаев. 

Мейіржан Молдақұлов өз мамандығын шексіз сүйіпті. Қызының айтуынша тезірек айығып, қайтадан жұмысына оралуды тағатсыздана күткен екен. Аяқ астынан мұндай жағдай болады деп ойламапты. Ауруханадан шыққан соң жағдайы жақсарып, көңіл-күйі де көтеріңкі болатын дейді. Ал "Бек Эйр" өкілінің айтқандарының бәрі бірдей шындыққа жанаспайды дейді. Жерлеу рәсіміне және ас беруге кеткен барлық шығынды аудан әкімдігі көтеріпті.

"Кешегі қонақасын "Бек Эйр" толығымен атқарды. Және де бүгінгі асын Түркісіб ауданының әкімшігі өзіне алды. Соларға ризашылығымызды білдіреміз. Ол үлкен көмек болып тұр бізге қазірде", - деді марқұмның қызы Алина Молдақұлова. 

Мейіржан Молдақұлов 27 желтоқсанда болған  ұшақ апатынан кейін №4 ауруханаға жеткізіліп, бел омыртқасына күрделі ота жасалған болатын.

Комада жатқан ол 5 қаңтарда есін жиып, 21-і күні ауруханадан шығарылған. Бір аптадан кейін денсаулығы сыр беріп, жедел жәрдем дәрігерлері өмірін сақтап қала алмаған.

Ал, лайнер апатқа ұшыраған кезде 12 адам қаза тауып, 67 жолаушы түрлі жарақат алған еді. Олардың көбі әлі толық сауығып кете алмаған.

Талқылау