Өз қызын 20 жыл қамауда ұстаған әйел тұтқындалды
Бразилияда егде жастағы әйел 39 жастағы қызын 20 жылға жуық қамауда ұстады деген күдікпен тұтқындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға Байшада-Мараньенси аймағындағы Виана қаласында болды. Полиция басшысы Карлос Альберто Брага Диниз Нетоның айтуынша, аштық пен шөлдеуден зардап шеккен жәбірленушіні аяқ-қолдары байланған күйде жазалау бөлмесінен тапқан. Үйде болған анасында мастық белгілері анық байқалған.
Дәрігерлер мен әлеуметтік қызметкерлер жәбірленушіні емдеуге жіберді. Полицейлердің пайымдауынша, анасын жас кезінде екі баласынан айырылған, содан кейін психологиялық ауытқу пайда болып, осының әсерінен қызын қамап тастаған.
- Ақмола облысында отбасы бес жасар баланы аш-жалаңаш байлауда ұстаған
- "Бәрі түсімдегідей болды": Содырға тұрмысқа шығу үшін оқушы шағында үйінен қашып, Сирияға аттанған қыздың оқиғасы
Қазіргі таңда бразилиялық әйелдің анасы мен оның серіктесі ұсталды. Полицейлер қылмыстың басқа да сыбайластарын анықтауды және іздеуді жалғастыруда, өйткені, жағдайдан барлық жергілікті тұрғындар хабардар болғаны анықталды.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген
