Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өз баласын өлтірмек болды деп айыпталған ер адамның туыстары сот залында шу шығарды 

Алматыда өз баласын соққыға жыққаннан кейін тал түбіне тастап кеткен Мұрат Асқароғлыға қатысты сот отырысы өтті. Ер адамның туысқандары сот залында шу шығарып, оны ақтап шығатын үкім қабылдауды талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап  хабарлайды. 

Мұрат Асқароғлының туысқандары сотталушының еш кінәсі жоқ екеніне сенімді. Олар сот шешімін шығаруға кедергі келтіргенімен, судья баланың әкесін 5 жылға бас бостандығынан айырды. Асқароғлының жақындары мұндай шешім шығады деп ойламады. Олар сотталушының ақталып шығатынына сенді. 

Үкімді оқыған кезде сотталушының анасы есінен танып қалды, туысқандары дау шу көтерді. 

"Маған дәлелдеп берсін, немен дәлелдеді? Немен дәлелдеді? Арсыздар, арсыздар! Алқабилерді де қорқытты, оңбағандар. Байғұс алқабилер жылай берді, жылай берді", — деді бір туысы. 

Судья мен алқабилер белгілі бір уақытқа сот залынан шығып кетті. 

"Балалар әкесін күтіп отыр! Біз оларға бүгін әкесі қайтып келетініне уәде бердік", — деп айтты жақыны. 

Естеріңізге сала кетейік, Мұрат Асқароғлы  2018 жылы 16 шілдеде Алматыдағы Шығыс айналма жолында 4 жасар баласын таспен ұрып, есінен таңдырумен қатар өлімге қиғаны үшін айыпталды. Сот отырысы жарты жылға созылды. Алғашқы кезде сотталушы кінәсін мойындап, жаза өтеуге дайын екенін жеткізді. Бірақ кейінгі сот отырыстарында өз баласына қол ұшын тигізбегенін алға тартып, кінәлі емес екенін айтты.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Бас сүйек миы қатты зақымдалған": Дәрігерлер зардап шеккен адамдардың жағдайы қалай екенін айтып берді

ЖКО орнына жедел жәрдемнің 11 бригадасы және ҚР ІІМ ТЖК-нің бір бригадасы шықты

"Алдында 7 адамнан көп өлді": Шымалғанға жиылған жұрт шу шығарды (видео)

Тұрғындар 20 жылдан бері көпір салдыра алмай жүргенін айтты

Шымалғандағы ірі жол-көлік оқиғасы: Зардап шеккен әйел балаларымен жансақтау бөлімінде жатыр

Алматы полиция департаментінде көз жұмған автобус жүргізушісі туралы айтып берді

Шымалғанда теміржолдағы ірі жол апаты: Қаза болғандар туралы ақпарат жаңарды

Бұған дейін екі адамның көз жұмғаны туралы хабарланған еді

Шымалған станциясындағы ірі жол апаты: Пойыздың соғылу кезінде екі бала мен әйел зардап шекті (видео)

Жантүршігерлік жол апатына байланысты тергеу амалдары басталып кетті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы ірі жол апатына байланысты көңіл айтты

Шымалған станциясындағы теміржолда ірі апат орын алды

Шымалған станциясында пойыз автобусқа соғылды: Құрбан болғандар бар

Үлкен жылдамдықпен келе жатқан пойыз жолаушылар автобусына соғылған

Елордада бір жетіден бері 24 жастағы жігіт із-түзсіз жоғалып кетті

Соңғы рет оны адамдар Ұлы Дала мен Мәңгілік ел даңғылының қиылысында көріпті

УДЗ-ға түскен бойжеткен "шайтаннан аумайтын" сәбиін көріп, шошып кетті 

Экраннан баланың бір аунап, күлімдеп қарағанын көрген болашақ ана өз көзіне сенбеді

Бауыржан Байбек Алматы қаласының қадірлі азаматы атанды

Қаланың экс-әкімін оңтүстік астананың қазіргі басшысы Бақытжан Сағынтаев марапаттады
Çàãðóçêà...