Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Ойнатпай, сағаттап отырғызған": Ақтаудағы балабақшада түсірілген видео ата-аналарды ашуландырды (видео)

Ақтауда  балабақшадағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеожазба ата-аналарды ашуландырды. Тәрбиешілер мен күтушілер балаларға ойыншықтармен ойнауға тыйым салып, сағаттап орындықта отыруға мәжбүрлеген.

«Ойнатпай, сағаттап отырғызған»: Ақтаудағы балабақшада түсірілген видео ата-аналарды ашуландырды (видео)

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Лада» порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Сонымен қатар бейнебақылау камерасына қол көтеру дерегі де түсіп қалыпты. 

«Бұл деген сұмдық қой. Балаларымыз шошып қалған. Ол видеодан көрініп тұр. Тіпті дәретханаға бара жатып тәрбиешінің жанынан қашқақтап өтеді. Ойнау, ойыншық дегендер жоқ», - дейді ашуланған ата-аналар. 

Ата-аналардың сөзінше, олар екі сағаттық видеожазбаны көрген. Осы уақыт бойы балалар орындықта отырды, дейді. Ал балабақша қызметкерлері ұялы телефонға үңіліп, тіпті, үстел басында ұйықтап отырған көрінеді.

«Тіпті, балаларға бір-бірімен ойнауға болмайды. Егер бала орнынан тұрса, басынан, қолынан ұрады, құлағынан сүйрейді. Ал біз балаларымызды алып кетуге келгенде, бетімізге күліп қарайтын», - дейді ата-аналар. 

№55 балабақшаның директоры қазіргі уақытта еңбек демалысында екен. Бұл оқиғадан кейін қалалық білім бөлімі арнайы комиссия құрды.

«Қазіргі уақытта барлығын жіті тексеріп жатырмыз. Әр видеожазба тексерілетін болады. Сол топта жұмыс істеген қызметкерлер қызметінен босатылды. Мән-жайды анықтаймыз», - дейді білім бөліміндегілер. 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр