Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ойда жоқта балықтан жүкті болып қалған қыздың құпиясы ашылды

Филиппин аралдарында жергілікті тұрғындар бойжеткеннің балықтан жүкті болып қалғанын жариялады.

Балықтан жүкті болып қалған қыздың құпиясы ашылды

GMA News порталының мәліметінше, бойжеткен аналық бездің сарысулы ісігінен зардап шегеді, деп жазады Stan.kz.

Мұндай жағдай Албай провинциясындағы Бакакай муниципалитетінде орын алды. 17 жастағы Кимберлидің  7 ай ішінде іші өсіп, 10 келі салмақ қосқан. Бойжеткен өзінің жүкті емес екенін айтуда. Ал өзін айыптаған ата-анасына ешқашан жігіті болмағанын айтып ақталды.

Жергілікті тұрғындары Кимберли дәстүрлі тыйымды бұзды деп күдіктеніп отыр. Оған сәйкес, қыздар етеккір кезінде және ол аяқталғаннан 5 күн өткенше өзенге және мұхитқа түсе алмайды. Жергілікті халықтың наным-сеніміне сәйкес, қыздар мұндай әрекет салдарынан түрлі ауруға шалдығуы немесе жыртқыш балықтарға жем болуы мүмкін.

Артынша ата-анасы қызын УДЗ тексерісінен өтуге алып барған. Оның нәтижесі Кимберлидің аналық бездің сарысулы ісігінен зардап шегетінін көрсетті. Алайда жергілікті тұрғындар УДЗ суретінен балықтың басын байқап, өз болжамдарының дұрыстығына одан сайын сенімді бола түскен.

Балықтан жүкті болып қалған қыздың құпиясы ашылды

Өз кезегінде дәрігерлер бұл жағдайдың төңірегінде өрбіген өсек-аяңды тоқтату үшін, балықтардың адам организмінде, оның үстіне жатырында өмір сүре алмайтынын көпшілікке мәлімдеді.

Ендігі Кимберлидің отбасы сарысулы ісікті алып тастау үшін отаға ақша жинап жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау