Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ойбай мынау не нәрсе": Қарақат Әбілдина мен қызы қатты қорқып кеткен

Қарақат Әбілдина мен қызы қатты қорқып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Ойбай мынау не нәрсе: Қарақат Әбілдина мен қызы неден қорқып кетті

Бағдарламалардың бірінде танымал әншінің алдына қорап қойып, ішіндегі белгісіз затты тапсын деп тапсырма берген. Жанына кіші ұлы Айсұлтан мен қызы Аяланы ала барған өнер иесі қорапқа қолын салып көргенде жыбық тұрған нәрсе жыбыр ете қалған. Артынша әнші қатты қорқып кетті. Қораптың ішінде адамның басы бар екенін білмеген өнер иесі осылайша белгісіз нәрседен қорыққанын байқатып қойған.

"Аяла, қораптың ішіндегі не? Ойбай мынау не нәрсе? Қозғалды. Аяла, балам айта ғой. Жоқ мен білмеймін", - дейді Қарақат Әбілдина.

Анасының қорқып, айқайлап жібергенін көрген кішкентай Аяла да жылап қалды. Осылайша Қарақат Әбілдина мен қызы адамнан қорқып жұртты күлдірген. Артынша әншінің ұлы Айсұлтан анасына қораптан адамның басы шығып тұрғанын айтып берді.  

Талқылау