"Ояна алмай жатқанымыз үшін": Қыдырәлі Болманов ата-бабалардан кешірім сұрады

Қыдырәлі Болманов ата-бабаларымыздан кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Alt

Ел ахуалын өзінің көңіл-күйімен, ауа райымен салыстырған Қыдырәлі Болманов желідегі парақшасына жазба қалдырған. Ахмет, Міржақып, Әлихандардың ұлт үшін жасаған еңбегін жіпке тізіп баяндаған өнер иесі осылайша ата-бабамыздан кешірім сұраған. Жауларына тайсалмай қарсы тұрып, ел қамы үшін адал еңбек еткенін де жеткізді.

"Көңіл-күй осындай. Қара жорға күйі де, аспандағы бұлттармен сәйкес, көңіл-күйіммен үндес іспетті. Әлеуметтік желі де мазасыз. Өмір де осы мәшінелердей зуылдап жатыр. А.Байтұрсынов ұйықтап жатқан елді оятар ма екен деп «Масасын» ұшырды. М.Дулатов Уфа қаласында "Шарқ" баспасынан 1909 жылы бастырып, «Оян, қазақ!» деп ұран салды. С.Торайғыров «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам» деп жалын атты. Ә.Бөкейханов орыс газеттеріне қазақ жерін қалай болса солай тартып алып жатқан, қазақтарды шоқындыруды көздеген патша саясатына қарсы мақалалар жазды. Жауларынан тайсалмай қасқая тұрып алысқан, жандары жәннәтта болғыр қайран аталарым-ай. Кешіріңдерші біздерді!", - дейді Қыдырәлі Болманов.

Әрмен қарай өнер иесі кешірім сұрауының себебін де түсіндіріп берді. Қазақтың өз ішінде іріп жатқанын айтып ашынды Қыдырәлі Болманов. Ол қанша уақыт өтсе де ояна алмай жатырмыз деп өкінді.

"Дәл қазір Қазақтың жауы Қазақ болып жатқаны үшін. Қазақ қазаққа шапқаны үшін. Өз Қазағым өздерін сүйреп жүріп жапқаны үшін. Әлеуметтік желіде бірін-бірі улы сөздермен атқаны үшін ! Алласына сиынып, әрекет істеудің орнына, бүгінгі ұрпағың қарызға, белшесінен батқаны үшін ! Өзін-өзі табалап, күндеп, айыпты етіп жатқаны үшін.Сіздер айтқан уақыттан бір ғасыр, он жыл өтсе де, ояна алмай жатқанымыз үшін!" - деп өкінді.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

БАӘ азаматшасы күйеуін "қатты жақсы көргені үшін" сотқа берді

Ер адам әйелінің орнына бірнеше рет үй жинап, тамақ әзірлеген. 

Ақтауда куәгерлер суға батып бара жатқан баланы құтқарды

Медициналық көмек көрсетілгендіктен, бала өміріне қауіп төніп тұрған жоқ

21 баланың анасы "ессіз демалыс" туралы айтып берді

Отбасы саяхатқа шығу үшін 7 чемодан алады

Қызылордада күзетшіге қол көтерген екі азамат ұсталды

Оқиғаға қатысты министр пікір білдірді

"Дірілдеп отырмын": Байзақова көршілерінің күн көрсетпей жүргенін айтты

Көршілері атышулы арудың көлігіне жұмыртқа атып кетеміз деп қорқытқан

Төсекке таңылған шымкенттік полицейге пәтер берілді

Оқ омыртқасын зақымдап, полицей өздігінен жүре алмай қалған

Қостанай облысында сүндеттелген 10 бала ауруханаға түсті

Кейде дұрыс сүндеттелмеген балаларға тері пластикасы жасалады

Кімге қарбыз жеуге болмайды?

Қауын мен қарбызды 19:00-ден кейін тұтынбаңыз

15 жыл бойы құрылысы бітпеген: Елордадағы баспана бұзылып, орнына жаңа нысан салынбақ

Тұрғын үйді бұзуға 150 миллион теңге бөлінген

7 жыл мүгедек әйелін арқалаған азамат көмек сұрап жүр

Қарлығаш Тұрақбаева 2012 жылы миында ісік бар екенін білген
Çàãðóçêà...