Өткен жылы төлесе де: Салық қарызын өтеген қазақстандықтарға өсімпұл қайтарылады

Қаржы вице-министрі Қанат Баеділов өткен жылы барлық қарызын өтеген қазақстандықтардың өсімпұлын қайтаруға уәде етті, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі. 

калькулятор

«Көптеген азаматымыз белсенді әрі адал. Арасында көбісі заңды күтпестен, негізгі қарызды өсімпұлымен бірге өтеді. Салық рақымшылығының бұл кісілерге де қатысы бар. Төлеген өсімпұлдары қайтарылатын болады. Дәл қазір мұндай салық төлеушілер саны мен жалпы сомасы анықталып жатыр», - деді Баеділов үкіметтегі брифинг кезінде. 

Айтуынша, мұндай азаматтар аудандық мемлекеттік кіріс басқармасына келіп өтініш жазуы тиіс. Осы өтініштің негізінде өсімпұл қайтарылатын болады. Рақымшылыққа ілігу үшін бір ғана шартты орындау қажет – негізгі қарызды өтеу. 

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанда 1,39 миллион адам салық рақымшылығына ілігетін заң өз күшіне енді. Олар 13,9 миллиард теңге көлеміндегі қарызын өтегеннен кейін 7 миллиард көлеміндегі өсімпұлдары кешірілетін болады. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Қазақстанда салық рақымшылығы жүріп жатқанын және оған кімдердің ілінетіні туралы хабарлаған едік. Сондай-ақ, Қазақстанда салық қарызы бойынша қай облыстар мен қалалардың көш бастап тұрғаны белгілі болды


"Ешқайда барудың да, құжатпен жүгірудің де қажеті жоқ": Салық рақымшылығына ілігу үшін не істеу керек <<<
Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте 300 адам ұйықтап қалған баланы жарты күн іздеді

Баланы іздеуге атсалысқандардың қатарында полиция қызметкерлері де бар

60 миллиард: Мемлекет "Қазагроға" тағы көмектеседі

2018 жылдың өзінде холдинг 400 миллиард теңге шығынға батқан екен

Жүргізуші әйел қарсыласының көлігінің күл-талқанын шығарып, қоқан-лоқы көрсетті

Ашуға бой берген әйел бұзақылығы үшін екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Павлодарда автоцистерна жарылып, бір адам қаза тапты

Жарылыстың мән-жайы анықталып жатыр

Конор МакГрегор қазақстандық боксшылар мен балуандарды жоғары бағалады

Макгрегор: Қазақстанда бокс керемет және бай тарихы бар

Елімізде имамдар да атаулы әлеуметтік көмек ала алады

Қазақстанда дін өкілдерінің еңбекақысын көбейту мәселесі қолға алынуда

282 факт: Қазақстанда жасырын болған сәби өліміне қатысты жаңа деректер айтылды

282 бала тірі туғанымен, өлі деп тіркелген

9 айда 156 нәресте: Атырау облысында жаңа туған сәбилердің неден шетінегені белгілі болды

Инфекциялық бақылау талаптары сақталмаған

Бірі жасөспірім: Жүк көлігінің ішінен 39 адамның денесі табылды

Жүк көлігінің 25 жастағы жүргізушісі кісі өлтірді деген күдікпен қамауға алынды

Алматылық сот төрешісін ақтап, кейін қайта соттады

Судья алаяқтық пен парақорлық үшін айыпталды
Çàãðóçêà...