"Ұқыпты, білімді, анасының сүйiктi кызы едi": Телефоннан тоқ ұрып көз жұмған қыздың жақындары ол туралы әңгімелеп берді

Алматы облысында телефонын қуаттаймын деп ажал құшқан оқушы туралы таныстары әңгімелеп берді. Бүкіл ауыл қызбен қоштасуға келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.

оқушы

Телефонын қуаттаймын деп қаза тапқан қыз Бестөбе ауылының тұрғыны. 14 жастағы оқушы өткен сенбі күні смартфонын тоққа сұғып, өзі әуен тыңдап жатқан екен. Осы сәтте оны тоқ соққан. Жасөспірім төсегінде жатып тіл тартпай кетіпті. Қыздарының тоққа түсіп көз жұмғанын полицияға ата-анасы хабарлаған.

"Оқушы қыздың қайтыс болғаны туралы дерек ата анасынан келіп түсті. Аталған дерек қайғылы оқиға ретінде тіркелді. Яғни, қыздың тоқ соғып қайтыс болғаны анықталды. Оқиға орнынан телефон қуаттайтын құрылғы табылды", - деді Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Серік Үпиев.

Марқұм Қаратал ауданындағы Максим Горький атындағы мектепте оқыған. Былтыр ғана басқа мектептен ауысып келген қызға сыныптастары да тез бауыр басып қалыпты. Құрбылары оны өте ұқыпты, білімді, спортқа жақын еді деп еске алады. Марқұм баскетболдан аудандық қыздар құрамасы сапында ойнаған.

"Баскетболға қатысатын. Анасына қолқанат, сүйікті қызы еді. Ешкімде шаруасы жоқ, пәк қыз. Ешкімнің ала жібін аттамаған", - дейді ауылдасы Аяжан. 

Қарапайым телефон қуаттағыштан қаза тапқан оқушының қайғысы барша мектеп ұжымының қабырғасын қайыстыды. Марқұмның сынып жетекшісі смартфон ұстайтын өзге оқушыларды аса абай болуға шақырады.  

"Ұялы телефон қолданып жүрген балалар өте абай болыңыздар дегім келеді. Сақтаныңыздар, сақтықта қорлық жоқ. Енді Алуаның өзіне келетін болсам, тамаша ақкөңіл, ақжарқын оқушы еді. Біз қайғырып, атаанасына, тума-туыстарына көңіл айтамыз", - деді марқұмның сынып жетекшісі Гүлнар Жанысбаева.

Оқиғаның ақ-қарасын аудандық полиция қызметкерлері анықтап жатыр. Әзірге ақау шыққан телефонның қайда жасалғаны белгісіз. Оны тәртіп сақшылары сараптамаға жіберген.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Сұлулық салонында аса қауіпті ауру жұқтырған бойжеткен жұртты сақтандырды

Педикюр жасатқан бойжеткеннің аяғына ірі жара қаптап кеткен

Қазақстанда шетелдік нөмірі бар көлік жүргізушілеріне айыппұл салынады

Шетелдік көлік жүргізушілері туралы ақпарат сақтандыру полисінің деректері негізінде анықталады

Қазақстандағы балабақшаларда ағылшын тілін оқытудан бас тартпақ

Ағылшын тілі пән ретінде мектепте оқытылады

"Иісі жаман екен": Бұзаубас қоңызын жеп жөтелден айықты

Науқас: Бұзаубастың емдік қасиетіне сенемін

Алматы облысында әйел полицейдің көлігінде босанды

Толғағы қысқан әйелге полиция көмекке келді

Шұғыла Сапарғалиқызы: Қазақстанда тұрғанша, Үрімжіге барғаным артық деп ойладым

Биші отанына келгендегі алғашқы әсерін бөлісті

"Сұлуын-ай": Нұрболат Абдуллин алғаш рет жұбайын көрсетті

Желі қолданушылары әншінің жарының сұлулығына тамсануда

Ең пайдалы жаңғақ түрлері белгілі болды

Жаңғақтардың қандай ауруларға ем екені белгілі болды

Бес көлікпен соқтығысып, ұйықтап қалған: Қарағандылық жүргізуші тұтқындалды

Ол уақытша ұстау изоляторына тоғытылды

Білім және ғылым министрі: Тазабек мектептерде дәріс оқымауы керек

Асхат Аймағамбетов журналистердің сұрағына жауап берді
Çàãðóçêà...