Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жазира мен Жанболат жол апатынан кейін арбаға таңылған жігітті қонақ етіп, жұрттың жүрегін елжіретті

Жол апатынан қиын жағдайға тап болып, арбаға таңылған Бақдәулет пен Құралайды әнші Жазира мен Жанболат қонақ етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл жайлы Бақдәулет пен Құралай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Қасиетті рамазан айында бастарына қиын күн түскен қос ғашыққа ауызашар берген жұлдызды жұп жұрттың жүрегін елжіретті. 

«Жанболат аға мен Жазира xанымның үйінде қонақта болдық. Ауызашарға шақырғандарыңызға көп раxмет! Оразаларыңыз қабыл болсын!  Өте қарапайым, ашық жандар екен. Бізді бұрыннан танитын кісілер ретінде қабылдап, күтіп алды.  Бәрі күшті болды, дастарxандарыңыз әрдайым мол болсын, той бітпесін үйлеріңізде», - деп жазды Бақдәулет пен Құралай.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Жанболат аға Жазира xанымның үйінде қонақта болдық. Ауыз ашарға шақырғандарыңызға көп раxмет! Оразаларыңыз қабыл болсын! Өте қарапайым, ашық жандар екен. Бізді бұрыннан таныйтын кісілер ретінде қабылдап, күтіп алды. Бәрі күшті болды, дастарxандарыңыз әрдайым мол болсын, той бітпесін үйлеріңізде😊😊😊 @zhanbolaterbatyrov @zhazira_bairbekova 💛

Публикация от Бакдаулет❤️Куралай (@bahakrlaimy)

Дастархандарына қонақ етумен қатар, Жанболат пен Жазира әлеуметтік желіде қос жасқа қолдау сұрап, бейнежазба да жүктеген.

Талқылау