Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Отбасымен есірткі сатқан: Героин саудасын қыздырған әкесі мен баласы ұсталды

Павлодар облысының полицейлері марихуана мен героин саудасын қыздырған әке мен баладан құралған қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеп.

марихуана

Тінту барысында әкесінің пәтерінен браунинг тапаншасы, 4 грамм героин, сатуға өлшеніп оралған марихуана, екі электрондық таразы тәркіленді.

Арнайы жасақ өкілдері ұлының үйінен 14 ұялы телефон, 9 қапқа салынған 200 келіге жуық марихуана және сатуға дайындалған пакеттер тапқан.

Қазір аталмыш жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер заңсыз бизнеске қатысы бар өзге де адамдарды іздестіруде.

Талқылау