Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақтың мақтанышы": Айя Шалқар Рианнаға тиесілі әлемдік брендтің жарнамасына түсті

Отандық модель Айя Шалқар Fenty beauty атты әлемдік брендтің жарнамасына түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Fenty beauty косметикалық бренді желідегі парақшаларының біріне Айя Шалқардың боянып алған суретін жүктеп, жазба қалдырған. Қазақстандық модель Fenty beauty косметикасымен боянып, компанияның жарнамасына түскен. 

"Banana Blaze арқылы түстердің жарқырауы және нақтылық беруі", - деп жазды Fenty beauty.

Осылайша, қазақстандық модель Айя Шалқар әнші Rihanna-ға тиесілі Fenty beauty компаниясының сәнгері болып, косметикалық өнімдерді жарнамалаған.

Мұны көрген әлеуметтік желі қолданушылары аруға пікір білдіріп, сән әлемінде жетістікке жете бер деп тілек айтқан.

"Сондай ғажап. Көзі мен ерніне қараңыздаршы", "Қазақстанды таныстырды", "Жүрегім", "Қандай әдемі", "Табиғи сұлулық", "Қазақтың мақтанышы", "Барлық жерде қазақтар бар", "Құдайым, керемет ару", - деп жазды желідегілер.

Талқылау