Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"От қой от": Өтірік ән орындаған Бүркіт желіні жарды (видео)

Түсініксіз тілде ән айтып, далада билеген Бүркіт желіні жарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

От қой от: Өтірік ән орындаған Бүркіт желіні жарды (видео)

Танымал әнші желідегі парақшасына жазба қалдырып, өзінің далада билеп жүрген бейнежазбасын жүктеген. Ол жер бетінде жоқ, тек өзі білетін тілде ән айтып тамсандырға. Өтірік ән орындаған өнер иесі осылайша тыңдармандарына еркеше көңіл-күй сыйлағысы келген екен. 

"Купюрасыз. Ескерту, мұндай тіл жоқ. Көңіл-күйлеріңіз көтеріңкі болсын", - дейді Бүркіт.

Мұны көрген желідегілер күлкіге қарық болды. Олар әншінің жазбасына пікір қалдырып, жаңа тілдегі, жаңа әнге қатысты ойларын білдірді. Жұрт Бүркіттің тапқырлығына, өзіне тән ерекше дауысына ризашылықтарын айтып, әбден күлгендерін жеткізген. 

"Балидің тілі ме, аға?", "Айтатын өлеңді далаға барып айт деп Айша жіберді ме?", "Сіз менің көңіл-күйімді көтеріп жібердіңіз", "Не істесеңіз де жарасады", "Недеген би. От қой от Бүркіт жерлесім", "Ай, красавчиксіз ғой, брат. Керемет жансыз, отбасыңызбен бақытты, ұзақ ғұмыр кешіңіз", "Бүркіттің тілі", "Сайлаубекке ұқсап қалыпсың", - десті жұрт. 

Талқылау