Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде мас жүргізуші полицейдің жағасынан алды

Өскеменде мас күйінде көлік жүргізген ер азамат полицейге бағынбай, күш көрсетіпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

мас

Бұл туралы ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оқиға 14 ақпанда түнде орын алған. 

«Полицейлер «Toyota Camry» маркалы автокөлікті тоқтатқан. Анықталғандай, ішімдік ішіп, рульге отырған 30 жастағы қала тұрғыны осыған дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Ұсталған кезде ол полиция қызметкеріне былапыт сөздер айтып, күш көрсетуден тайынбады», - делінген хабарламада.

Полицейлер азаматты уақытша ұстау изоляторына қамапты. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.


 

Талқылау