Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өскеменде қоқыс жәшігінен жаңа туған нәрестенің денесі табылды

Өскеменде 44 жастағы әйел жаңа туған нәрестесін қоқыс жәшігіне лақтырып кеткен. Әйел сәбиінің үйде босанған кезде шетінегенін айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: сюжет кадрларынан 

Деректерге сүйенсек, жаңа туған нәрестенің денесі қоқыс жәшігінен табылған.

Полицияның мәліметінше, баланы үйде босанған 44 жастағы әйел лақтырып жіберген. Ал әйелдің айтуынша, нәресте өмір белгілерінсіз дүниеге келген.



 Сәбиін тастаған өскемендік келіншек ешқандай есепте тұрған жоқ. Қазір оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Өзге ақпарат жария етілмеді. 

Талқылау