Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОСК Қазақстанда референдум өткізуден бас тартты

Қазақстанда бастамашыл топ сайлау және партияларды тіркеу туралы заңды өзгерту мәселелері бойынша референдум өткізуді ұсынған еді. Орталық сайлау комиссиясы референдум өткізуден бас тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ОСК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Alt

22 қарашада Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда азаматтар тобы референдумға ұсынған бастамашыл топ пен мәселелерін тіркеу құжаттары қарастырылды. 

«Республикалық референдум туралы» 1995 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының талаптарына сәйкес референдумның бастамашыл тобының құрылғаны туралы куәландыратын нақты деректердің болмауына байланысты референдумның бастамашыл тобын және ол референдумға ұсынған мәселелерді тіркеуден бас тартылсын», - делінеді хабарламада. 

Еске сала кетсек, 20 қарашада республикалық референдум өткізу туралы бастамашыл топ Орталық сайлау комиссиясына жүгініп, референдум өткізуді ұсынған еді.

Талқылау