Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өсек тыңдап тұр": Керменбаев Серік Ибрагимовке неге өкпеледі (видео)

Нұржан Керменбаев Серік Ибрагимовке өкпесін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өсек тыңдап тұр: Керменбаев Серік Ибрагимовке неге өкпеледіБелгілі әнші желідегі парақшасына сұхбат беріп жатқан кездегі бейнежазбасын жариялаған. Видеода отандық теле арналардың біріне түсіп жатқан Керменбаевтың жанында Серік Ибрагимов сөзін қоштап тұрғанын байқауға болады. Әріптесінің бұл тұрысына қазақтың қара баласы ерекше баға берді.

"Мен жайбырақат сұхбат беріп тұрсам, мына бала әңгімемді өсек қылып тыңдап тұр. Өсек тарататындарды белгіле. Ренжіме, досым. Сенің өсекші екеніңді бәрі білетін болды", - дейді Нұржан Керменбаев.

Досының бұл қалжыңына Серік Ибрагимов әзілдей жауап беріп, пікірін жазды. Ол Нұржан Керменбаевты ұйып тыңдап тұрғанын жеткізген.

"Мен сені ұйып тыңдап тұрсам, сен мені өсекші қылдың ба, ақ жүрек", - деп күлді Серік Ибрагимов.   

Мұны көрген желідегілер жарыса пікір жазып, ойларын ортаға салды. Олар Серік Ибрагимовты досының қалжыңын көтерді деп мақтай жөнелген. 

"Алла разы болсын. Қалжыңдап, ойнап жүргенге не жетсін", "Жарайсың, Серік. Досыңның қалжыңын көтеріп тұрған сен нағыз жігітсің", "Әзілде тұрған ештеңе жоқ. Екеуі де керемет жігіттер, керемет әншілер", - десті жұрт. 

Талқылау