Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

25 жасқа тосынсый: Ақтөбедегі көпқабатты үйлердің біріне Димаш Құдайбергеннің суреті салынды

Ақтөбедегі көпқабатты үйлердің бірінде Димаш Құдайбергеннің суреті салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желідегі парақшаларда Димаш Құдайбергеннің суреті салынған үй тез тарап кетті. Әншінің бейнесі өзінің туған қаласы Ақтөбедегі №12 шағын ауданы, 54-үйдің қабырғасында өрнектелген. 

"Өсе бер, өркендей бер, құтты мекен Ақтөбе", - деп жазылған суреттің жанында.

Әзірге туындының авторы белгісіз. Алайда, бұл Димаш Құдайбергеннің 25 жасқа толуына орай жасалған сыйлықтардың бірі. Әншіге бұл сыйлықты облыс басшысы О.Оразалин жасаған екен.

Бұл жайлы Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Сапарбекұлы Испанов желідегі парақшасында бөлісіп, ұлттың ұланын туған күнімен құттықтаған.

"Бүгін жалпы қазақ xалқының маңдайына біткен дарын, Шәмші Ескендір, ағайынды Жұбановтар сияқты тұлғалардың ізбасары, жерлесіміз Димаштың дүниеге келген күні. 
Күллі әлемге қазақ ұлтының, өнері мен мәдениетін танытып, ұлттық брэндке айналған баурымызды құттықтап бардық. Ата-анасы, отбасы ұлдарының мүшел жасымен таңертеңнен бастап құттықтаушылар саны толастар емес дейді", - деп жазды Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Сапарбекұлы Испанов.

Естеріңізге сала кетейік, Димаш Құдайбергенді әлемнің әр қырындағы жанкүйерлері құттықтап, сыйлықтарын жаудырған болатын.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр