Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Орыс тілі - көршімнің тілі": Нұрлан Байжігітұлы жеті тілді еркін меңгергенін айтты

Көпшілікке жақсы таныс Нұрлан Байжігітұлының желіде оқырмандарына бірнеше тілде жауап береді. Tukystan.kz сайтына берген сұхбатында дінтанушы ана тілімен қоса алты тілді меңгергенін жасырмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Халқымыздың "Қанша елдің тілін біл­сең, сонша түрлі ілім ілесің" деген дана сө­зі­мен, "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құр­мет­те" деген ұлағатымен, "Мұсылман адам жеті тіл­ді білу керек" деген өсиетпен өскен өз за­манымыздың өреніміз. Ана тілім басқа тіл­дерден жоғары тұрады. Бұл – менің ұлт­шыл­дығым емес, ұлтжандылығым.

Әр қазақ – жалғызым, бауырым. Мейлі ол жаман болса да. Мен білетін қыр­ғыз, өзбек, әзербайжан, түрік тілдеріне таң­дану­дың қажеті жоқ. Бұл тілдерді білу әр қа­заққа жарасады, өйткені біз түркі тілдес ха­лық­пыз. Араб тілі – Құран тілі, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың тілі. Орыс тілі – көр­шімнің тілі. Тіл – қарым-қатынас құралы. Әр халыққа осы арқылы жол таба білу өзіндік амал-тәсілім деген дұрыс шығар”, – дейді Нұрлан имам.

 

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 23 Ақпан, 2023 16:13