Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш жыл бойы алып келген: Оралдық көпбалалы әйелге мемлекеттен алған ақшасын қайтару міндеттелді

Оралдық көпбалалы ана, 56 жасар Нұрсұлу Мамбетова үш жыл ішінде  алған ақшаны қайтармауға және зейнетақы алу құқығын кейінге қалдырмауға тырысқан, алайда сот оған талап қоюдан бас тартты, деп хабарлайды Stan.kz  ақпарат агенттігі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеп.

нурсулуБатыс Қазақстан облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаментінің айтуынша әйел құжаттарды тапсыру кезінде бесінші баласын заң бойынша 16 жастан асырап алынғанын жасырып қалған. Демек, әйел көп балалы болып табылмайды. Сонда осы уақытқа дейінгі үш жыл ішінде әйел қателікпен зейнетақыға тағайындалған.

"Белгілі болғандай, жұмыс өтілін қайта қарау кезінде анықталып, зейнетақы төлеу тоқтатылған. Бұдан бөлек, ол үш жыл ішінде алған барлық қаражатты қайтаруға тиіс. Жалпы негіздегі зейнеткерлікке әйел шығады. Қате тағайындалған зейнетақы үшін ешкім жауапкершілік көтермейді. Өйткені бұған тек Нұрсұлу Мамбетованың өзі кінәлі, - деді департамент басшысының орынбасары, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау БҚО Жеңіс Бериков.

Департаменттің шешімімен келіспеген Нұрсұлу Мамбетова сотқа арызданған. Алайда сот та әйелдің арызын қанағаттандырудан бас тартқан.

"Нұрсұлу Мамбетованың "ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші - қон комитетінің БҚО бойынша департаменті" РММ-нің 2016 жылғы 29 сәуірден бастап тағайындалған зейнетақы күшін жою және өтініш берген күннен бастап, қате тағайындалғандар ретінде зейнетақы тағайындаудан бас тарту туралы шешімді заңсыз деп тану туралы арызы қанағаттандырусыз қалдырылды, - деп хабарлады облыстық сотта.

Әйел соттан мұндай шешім күтпеген. Енді ол үш жыл ішінде алған зейнетақыны мемлекетке қалай қайтаратынын білмей отыр.

"Ай сайын 58 мың теңге алдым. Осы үш жыл ішінде жұмыс істеген жоқпын. Қазір 56 жастамын, мені кім алады жұмысқа? Және барлық соманы қайтаруым екіталай. Кез келген жағдайда біз қайтадан сотқа жүгінеміз және барлық қажетті құжаттарды ұсынамыз", - дейді әйел.

Талқылау