AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда полиция басқармасының бөлім бастығы ұсталды

Оралда пара алды деген күдікпен қалалық көші-қон полициясы басқармасының бөлім бастығы Қанат Мұқанов ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұстау фактісін облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі растады.

Алдын ала мәлімет бойынша, Мұқанов дүйсенбі, сәуірдің 11-і күні 50 000 теңге көлемінде пара алып жатқан жерінде ұсталған. Подполковник анықтаманы жеделдетіп бергені үшін ақша алды деген күдікке ілінді. Қазір ол Орал қаласындағы уақытша ұстау изоляторында отыр.

Полиция департаменті басылымға әріптесінің ұсталуына қатысты пікір айта алмайтындарын айтып, БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне хабарласуды сұрады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мұқановтың ұсталғанын растады, бірақ егжей-тегжейлі мәлімет бермеді.

БҚО сотының баспасөз қызметі бұл іс материалдары тергеу сотына әлі түспегенін хабарлады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр