Оралда Конституция күніне орай 150 орындық жатақхана ашылды
Оралда 30 тамызда Конституция күніне орай политехникалық колледжідң және техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары жатақханасы ашыды. Салтанатты шараға облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Студенттер жатақханасы президенттің 5 әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру аясында жастардың білім алуы мен өмір сүру жағдайын жақсарту мақсатында бой көтерді.
5 қабаттан тұратын 150 орындық жатақхана "Болашақ - Т" ЖШС құрылыс компаниясының қаржысына салынды.
Нысанның 1-қабатында 2 адамға арналған 2 бөлмесі бар 2 блок, ас үй және қосалқы үй-жайлары бар 24 орынға арналған буфет, изоляторы, медициналық кабинет, жаттығу залы, кезекші оқытушылар мен комендант бөлмесі, сондай-ақ тұрмыстық қызмет, жеке заттарын сақтауға арналған бөлмелер орналасқан.
Ал 2-5 қабаттарда 2 адамға арналған 2 бөлмесі бар 24 блок бар. Сонымен қатар 2 адамға арналған 3 бөлмесі бар 8 блок пен тұрмыстық қызмет бөлмелері орналасқан. Сабаққа дайындалатын бөлмелер компьютермен жабдықталған.
Әр бөлмеде студенттерге қажетті жиһаздар (кереует, орындық, үстел, киім мен киім-кешекке арналған шкаф, кітап сөресі) бар. Ал ғимаратқа кірер жерле бейнебақылау камерасы және турникет орнатылды.