Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Оралдық екі аяғынан бірдей айырылған кәсіпкер: Басқаға көмектесу ең басты борышым

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз – Біржан Қожақов екі аяғынан бірдей айырылған мүмкіндігі шектеулі жан екеніне қарамастан, қайырымдылықпен айналысуды ең басты борышының бірі деп санайды. Сауабы мол игі ісін кәсіпкер жарияға жар салғысы келмеген. Stan.kz тілшісі өскелең ұрпақтың өнеге алатынын айтып, қолқалаған соң ғана кейіпкеріміз сұхбатқа келісті.

«Өзім жетекшілік ететін кәсіпорнымда 35 адам жұмыс істейді. Оның 21-і - мүмкіндігі шектеулі жандар. Басты мақсатымыз – мүгедектерді жұмыспен қамту және сал, Даун синдромы, аутизм сынды аурулармен ауыратын балаларға қажетті вертикализатор аппаратын тегін тарату. Елімізде аталған ауруларға шалдыққан балалардың саны күн санап артып отыр. Бүгінгі күннің өзінде Қазақстан бойынша 157 бала кезекте тұр. Өйткені, көпшілігінің дерлік аталған аппаратты сатып алуға жағдайы жоқ. Ешбір демеушінің көмегінсіз-ақ, біздің шағын ұжымымыз қаражатты барынша үнемдей отырып, аталмыш аппараттарды қажет ететін балаларға шамамыз келгенінше сыйлаймыз», – дейді Біржан Морякұлы.  

Осы тұста атап өтерлік басты нәрсе – оралдық кәсіпкердің жасап жүрген вертикализатор аппараты Қазақстан бойынша басқа ешбір цехта жасалмайды екен. Осынау игі істі 2015 жылы бастаған шебер күні бүгінге дейін 260-тан астам вертикализаторды тегін таратыпты. Ал бұған 25 миллионға жуық қаржы жұмсалған көрінеді. 

Birxzan

Еліміздің түкпір-түкпіріндегі вертикализаторға мұқтаж ата-аналар балаларының мүгедектігін растайтын құжаттарын Біржан Морякұлына арнайы келіп өткізеді екен. Айына бір немесе екі аппаратты мүмкіндігі шектеулі жандарға сыйлай отырып, ата-аналардың алғысына бөленген кәсіпкер Рамазан айында мүмкіндігінше көбірек беруді қолға алды. 

Бір күн де тынбастан, мүмкіндігінің шектеулі екеніне қарамастан, Біржан аға көлігін жүргізіп, қайнаған жұмыстың қақ ортасынан табылады. 
Тіпті Батыс Қазақстан облысында Біржан Морякұлы атсалыспаған қайырымдылық шаралары жоқ десек артық айтқандығымыз емес.

Сонымен қатар, ұлттық өнеріміздің дамуына зор үлес қосып, ұмыт болып бара жатқан үй жиһаздарын ұлттық нақышта жасап келе жатқанының өзі ұлтжанды азамат екендігінің айқын көрінісі. 

Біржан Қожақов жан-жары Ұлпан екеуі Әсел, Аида, Әмина, Жандос, Осман есімді ұл-қыздарды өсіріп отыр. Өмірлік серігімен бірге түрлі қайрымдылық шараларында тамылжыта салған әндері көпшіліктің көңілін көтеріп, оларға ерекше қуаныш сыйлап келеді.

Арнайы «Stan.kz» үшін

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр