Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оралда 28 жастағы ер адам жоғалып кетті

4 қыркүйекте үйінен шығып кеткен Александр Чернышев сол күйі оралмаған, – деп хабаралйды Stan.kz ақпарат агенттігі «Мой город» сайтына сілтеме жасап. 

жігіт

Александрды соңғы рет құрбысы көрген.

«Оның жауапкершілігі мол адам. Ішімдікке жақындығы жоқ және денсаулығы да жақсы. Бұрын бұлай ешуақытта кетпеген. Өзімен бірге планшеті бар болатын, бірақ ол өшіп тұр. Ақша мен банк карточкалары үйде жатыр. Тек құжаттарын алып кетіпті. Біз барлық ауруханаға хабарласып шықтық, еш жерде жоқ», – дейді әріптесі.

Александр жоғалған күні үстіне футболка, көк джинсы және қара кроссовка киген. Ер адамның туыстары оның жоғалғаны туралы полицияға арыз жазған. Олар іздестіру жұмыстарын жүргізуде.

Туыстары егер Александрды көргендер болса, мына телефон 102, 8 701 914 70 43 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.
 

Талқылау