Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орал әкімдігі Trade-In бағдарламасы арқылы Camry 70 сатып алған

Орал әкімдігі Trade-In бағдарламасы арқылы Skoda мен Camry 50 көліктерін өткізіп, Toyota Camry 70 сатып алған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Мой город басылымына сілтеме жасап. 

камри

Сурет: Мой город басылымынан 

Жергілікті тұрғындар Орал әкімі Мейіржан Сатқановтың жаңа көлікпен жүретінін байқаған. Сондықтан олар шенеуніктің дағдарыс кезінде қызметтік көлігін ауыстырғанына наразылықтарын білдіріпті. Тіпті автокөлік Қазақстанда құрастырылмаған дейді. 

Орал әкімдігінің өкілдері Toyota Camry 70 көлігінің жаңа емес екенін және Trade-In бағдарламасы арқылы алынғанын мәлімдеген. 
Trade-In – ескі көлікті өткізу арқылы жаңа көлік алу. Мұның арқасында тауар бағасын төмендетуге болады. 

"2012 жылы шығарылған Camry 50 көлігінің жағдайы қанағаттанарлықтай болмағандықтан және істеп шығып, жөндеу жұмыстарын қосымша қажет етті. Бұл бюджетке ауыртпалық салады. Бюджет қаржысын үнемдеу үшін Trade-In  бағдарламасымен Camry 50 және Skoda маркалы көліктерді Toyota Camry 70 көлігіне ауыстыру туралы шешім қабылданды", – деп жауап берді әкімдік өкілдері. 

Орал басшысына арналған бұл автокөлік 2019 жылы шығарылған.

Назархан Уән
Жұма, 03 Ақпан, 2023 08:05
Талқылау