Оңтүстік Кореяда төрт қазақстандық жол апатынан қаза тапты
Фото: Кoreajoongangdaily
Оңтүстік Кореяда төрт қазақстандық жантүршігерлік жол апатына ұшырады. Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров қайғылы оқиғаның мән-жайын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Смадияровтың айтуынша, көлік жоғары жылдамдықпен қозғалып, жылдамдық өлшегіш бағанға соғылған.
"Бір айдан астам уақыт бұрын Кореяда Қазақстанның төрт азаматы жол апатына ұшырады. Олар тас жолда болған көлік апатынан қаза тапты. Әрине, көлік жоғары жылдамдықпен қозғалып, жылдамдық өлшегіш бағанға соғылған. Жігіттердің барлығы сол жерде көз жұмды. Ал олар небәрі 20-21 жаста еді", – деді Смадияров.
Ол шетелде жүрген барша қазақстандықтарға қауіпсіздік, сақтық шараларын сақтауды сұрады. Смадияров олардың туыстарына қажет көмек берілгенін айтты.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген