Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оңтүстік Корея президенті АҚШ пен КХДР басшыларының кездесуін "араздықтың соңы" деп атады

Америка Құрама Штаты мен КХДР мемлекетінің басшылары кездесті. Кездесуде өзара қақтығысқа нүкте қойды. Бұл туралы Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин мәлімдеді.

Оңтүсті Корея президенті АҚШ пен КХДР басшыларының кездесуін

Оңтүстік Корея жетекшісінің айтуынша, Америка президенті Дональд Трамп пен КХДР төрағасы Ким Чен Ын ешқандай құжаттарға қол қоймағанына қарамастан, келіссөздер мүмкіндігін жүзеге асыру "дұшпандық қарым-қатынастардың аяқталуын және бейбіт кезеңнің басталуын нақты жариялаумен" тең.

Естеріңізге сала кетейік, 30 маусымда Трамп пен Ким Чен Ын екі Корей елінің шекарасында кездесті. Диалог барысында Дональд Трамп әріптесін Ақ үйге келуге шақырды.

Талқылау