Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Елімізде онкологиялық аурулар тегін емделеді": Қатерлі ісікке шалдыққандарды шетелде емделуге үгіттейтіндер анықталуда

Елімізде қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды үгіттеп, өзге мемлекетте ем ұсынатын компаниялар анықталуда. Олар науқастардың палаталарына кіріп, өз қызметтерін ұсынған. Дәл осы жарнама үшін, олар арнайы мекемден бонус алады екен. Мұндай фактілердің тым жиілеп кетуіне байланысты мамандар арнайы тексеріс жұмыстарын жүргізген. 

Балалар онкологиясы бизнеске айналып барады. Бүгін еліміздің бас онкологы осындай мәлімдеме жасады. Диляра Қайдарованың айтуынша, кейбір мекемелер ауруханаларда әдейі үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, науқастарды барынша шетелге шығаруға тырысуда. Мұндай насихат үшін олар арнайы бонустарға ие болады екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия бірінші арнасына" сілтеме жасап.

«Мен ақша жинайтын мекемелердің бәрін бақылап, зерттедім. Шынтуайында, Түркия, Корея, Еуропаға барып емделгісі келетін науқастар бар. Осыны пайдаланып, әлгі компаниялар емделушілерді шетелге баруға барынша үгіттейді. Ол  бизнестің бір түрі. Дәл осы әрекеті үшін олар қомақты қаржы алады»,- дейді Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Диляра Қайдарова.

Мамандардың сөзінше, олар палаталарға кіріп, балаларға көмек береміз деп ата-аналарды көндіреді. Дәл осындай  фактілердің жиілеп кетуіне байланысты, шілде айынан бастап арнайы тексеріс жүргіздік, дейді бас онколог.

Онколог қатерлі ісіктің 7 белгісін атады >>>

«Бұл мекемелермен байланысқа түсіп, мәселені анықтадық. Білгеніміздей, олар әрбір палатаға кіріп көмектерін ұсынады. Яғни «емге ақша жинаймыз, шетелге жібереміз», - дейді. Айта кетейін, елімізде онкологиялық аурулар тегін емделеді! Ол үшін шетелге барудың ешбір қажеті жоқ!» - дейді Диляра Қайдарова.

Қазір қала көшелерінде қорап құшақтаған қыз-жігіттерді, ерікті топтарды көптеп кезіктіруге болады. Бәрінің айтары бір: «Баланың еміне ақша жинап жатырмыз». Бірақ қайырымдылық қоры өкілдері, мұндай топтардан барынша абай болған жөн деген пікірде.

«Көшеде жүріп, түрлі ем-домға ақша жинайтын адамдардың іс-әрекеті заңды деп айта алмаймын. Бұл жерде менің білетінім, осы қорапшалармен жүрген қыз-жігіттер ішінде жиналған соманың 15-20 пайызын өздері алады. Тіпті, біздің қайырымдылық қорында тіркелген балалардың суреттерін алып, ақша жинаған алаяқтар да болды. Сондықтан да оларға сенуге болмайды!» - дейді бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин.

Қазір елімізде 179 397 адам қатерлі ісікке шалдыққан. Олардың қатары жыл сайын 35 мыңға артуда. Аурудың тым көбейіп кетуін алаяқтар да ұтымды пайдалануда. Сондықтан мамандар сыртта ақша жинап жүрген еріктілер мен қайрымдылық қорапшаларына қаржы салмас бұрын, бәрін тексеріп алған дұрыс, дейді. Өйткені сіздің көмекке берген теңгеңіз балалардың еміне емес, өзге адамның қалтасына кетуі бек мүмкін.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Отбасымен есірткі сатқан: Героин саудасын қыздырған әкесі мен баласы ұсталды

14 ұялы телефон, 9 қапқа салынған 200 келіге жуық марихуана және сатуға дайындалған пакеттер тапқан

"Аллаһу акбар, астана біздікі": Қару-жарақтарын көрсеткен елордалық жігіттердің видеосы тарап кетті (видео)

Видеода қолына екі бірдей қару ұстаған жас жігіт "Астана біздікі, Аллаһу әкбар" деп күліп отыр

Құрғақшылық жайлауы мүмкін: Ғалымдар еліміз 10 жылдан кейін ауыз суға тапшы болатынын ескертті

Ғалымдар 2030 жылға қарай тіршілік нәрінен тарыға бастаймыз деп дабыл қақты

"Машинист кабинаға қысылып қалған": Екібастұзда теміржол апатынан 28 вагон аударылып қалған

Апат салдарынан 350 метр рельс жолағы да зақымданған

Бөренемен ұрып, пышақтап тастаған: Үш жасар қыз бен анасын өлтірген ер адамға үкім шықты

Марқұмның ағасы сот үкімімен келіспейтінін айтты

"Көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама": Балғынбек Имашев бір әйелді "жетістіріп" алуға кеңес берді

Ақын: Айтысқа шықпауыма діннің еш қатысы жоқ

"Мама, үйге қайтайықшы" деді: Ауруханада көз жұмған 5 жасар қыздың отбасы дәрігерлердің жазалануын талап етті

Марқұмның әжесі: Өз аяғымен барған қызды мәйітханадан алып кеттік

Өзге қызбен ұстап алды: Әйел көзіне шөп салған жігітінің үйін өртеп жіберді

Ол үйді өртеу үшін төрт көршісінен бензин сұрап алған

Мамандар құрманың зиянын атады

Артында үш баласы қалды: Елордада ҰҚК қызметкері 12-қабаттан құлап мерт болды

Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады
Çàãðóçêà...