Оның орнына Ерке ойнауы керек болған: Қайрат Нұртас әйеліне ақша арқылы рөл алып беріп жүр ме?

Қазақстандық кино продюсер Гүлнұр Мамасарипова ел аузында тараған қауесетке жауап берді. Ол Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімованың кинодағы рөлдері туралы айтты. 

Бұл туралы продюсер "Честно говоря" бағдарламасында айтты. 

Жұлдыз Әбдікәрімова соңғы кездері көгілдір экран арқылы көпшіліктің көз алдында. Отандық бағдарламаның бірін тізгіндейді. Сериалдарда роль сомдады. Жұлдыз танымал болғандықтан, кинода бой көрсетіп жүр деген әңгіме көп айтылады. Қайрат әйеліне кинода роль ойнау үшін ақша береді деген қауесет те бар. Бұны продюсер жоққа шығарып отыр.

"Қайрат ақшасы бар болғандықтан, әйеліне роль алып береді. Жұлдыз телеарналардан түспейтін болды. Жұлдыздың актрисалық қабілеті жоқ, бәрін танымалдығы шешіп тұр" деп айтатындар көп. Бірақ бұл ортада жүрмегендіктен, істің ақ-қарасын білмейді. Жұлдызға біз керісінше роль сомдағаны үшін ақша төлейміз. Ол жап-жақсы ойнап жүр. "Келінжанның" екінші маусымында ойнайды. Негізі ол рольге Еркені алғанбыз. Алайда Еркенің әкесі қайтыс болып, қара жамылған соң актрисаны ауыстыру керек болды. Еркеден киноға түсесің бе деп те сұраған жоқпыз. Себебі қара жамылып, әкесінен айырылып отырғанда кино туралы айтпадық. Маған Жұлдызды кастинг директоры ұсынды. Мен келістім. Жұлдызға айтып едік, келісімін берді",  деді продюсер. 



Гүлнұр Мамасарипованың айтуынша, Жұлдыз өз күшімен танылып жүр. Актрисалық қабілеті бар. Ол Қайраттың әйелі болғандықтан, артық әңгіме айтылатыны заңды.

"Ол емес, керісінше біз ұсыныс жасаймыз. Біз ақша төлейміз. Жұлдыздан да нашар ойнайтын актрисаларды көріп жүрміз",  - деді Мамасарипова. 

Бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртастың "Арман" атты фильмінде басты рольді сомдады. Кинодағы алғашқы рөлі үшін сын айтқандар да, қолдау білдіргендер де бар. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр