Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өнердің құнын түсірмейік": "Славян базарында" жеңген қазақ баласы той әндері туралы

"Славян базары" байқауында жеңген қазақ баласы той әндері туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Витебск-2019" вокалшылар конкурсының гран-при иегері Әділхан Макинді ҚР мәдениет министрі Ақтоты Райымқұлова қабылдап, жеңімпазды шын жүрегніен құттықтаған. Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы эстрада, өнер факультетінің 4-курсында оқитын Әділханның болашағына үлкен үміт артатынын айтқан министр ханым жас талантқа шығармашылық табыс тіледі.

"Саған үлкен алғыс білдіреміз. Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ол жаққа барып келдің. Сенің өнеріңе әлем таңғалды. Тағы да құттықтаймын. Шығармашылық қабілетіңді шыңдай бер. Осыдан 4 жыл бұрын осы сахнада Димаш Құдайберген үлкен өнерге қадам басты. Сондықтан Димаш, Әміре Қашаубаев сияқты Қазақстанның атын шығара бер", - деді Ақтоты Райымқұлова.

Ал Әділхан Макин өзіне қолдау танытқандарға алғысын айтып, қазақ эстрадасы жайлы сөз қозғаған. Ол той бизнес туралы пікір білдіріп, той деген жақсы, бірақ өз қадірімізді түсіріп алмайық деп ағынан жарылды.

"Бізге той керек. Себебі, қазақ халқы тойлатуды жақсы көреді. Бірақ өнердің құнын түсірмейік. Біз үлкен сахналарда қазақтың жанға жағымды шығармаларын орындауға тырысайық", - деді жас әнші.

Талқылау