Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Оңай емес": Ләйлә Сұлтанқызы 36 күнде кітап жазған Суханбердиеваны жақтап сөйледі

Ләйлә Сұлтанқызы 36 күнде кітап жазған Суханбердиеваны жақтап сөйледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айыпталып, қамауда жатқан білім және ғылым министрлігінің экс-вице-министрі Эльмира Суханбердиева туралы белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желідегі парақшасына жазба қалдырған. Журналист 36 күнде темір тордың ар жағында өткен күндері туралы кітап жазған Суханбердиеваға қолдау көрсетіп, оның мінезі қаншалықты жақсы екенін айтып берген.

"34-36 күнде жаңа кітап жазып шығу үшін адам қатты қиыншылықты бастан өткізген болар. Сизо мен түрменің қайсысы болса да оңай емес. Эльмира ханыммен қанша рет сапарлас болдым, сұхбат алдым, іс-шараларда жиі көрісетінбіз. Аңқылдақ, түзу, ашық, бетке айтатын мінезі бар. Саясат пен қызыметін қозғамаймын, әйел, ана ретінде қолдағым келеді", - дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

Әр қиындықтың артында жақсылық тұрады дейді Ләйлә Сұлтанқызы. Ең бастысы денсаулығыңыз мықты болып, қиындыққа төтеп беретіндей күш-қайратыңыз жетерлік болсын деп тілек білдірді журналист. 

"Сізді отбасыңыз күтеді, ал біз кітабыңызды күтеміз. Бір есік жабылғанмен басқа есік ашылатыны заңды құбылыс. Мүмкін мықты бизнесвумен, мүмкін мықты издатель, мүмкін мықты жазушы боларсыз кім білсін. Бастысы аман болыңыз", - дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

Талқылау