Он рет жеңіске жеткен қазақ боксшысы Еуропадағы жекпе-жекке қатыспақ
Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Дәулет Дәукенов (10-2, 4 КО) 18 ақпанда Пльзен қаласында (Чехия) өтетін бокс кешіне қатысады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sports.kz порталына сілтеме жасап.

Ол келесі жекпе-жектің өтетін күнін мәлімдеді. Отандық спортшының қарсыласының есімі әлі жарияланбады.
Дәукенов бұған дейінгі жекпе-жегін 2021 жылдың 18 желтоқсанында Астанада өткізген болатын. Онда ол Өзбекстан өкілі Элдорбек Саидовты (6-7-2, 4 КО) жеңді. Кейін қазақстандық өткен жылдың 16 желтоқсанында елордада бокс кешінде өнер көрсетуді жоспарлаған, алайда шара өтпей қалған.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

