"Үлкен ағалармен кездеседі": Биыл бір жыл ішінде 196 оқушы қыз түсік жасатты

Елімізде жыл басынан бері 14 жасқа толмаған 10 қыз түсік жасатқан. Ал жалпы кәмелетке толмағандардан 200-ге жуығы жүктілігін жасанды түрде тоқтатыпты.

Бұл тек ресми тіркелгендері ғана. Яғни, жағымсыз көрсеткіш бұдан да көп болуы бек мүмкін

Мұндай сорақы статистиканы денсаулық сақтау министрлігі жариялады. Ведомство мәлеметінше, ең көп аборт жасатқан қарағандылық және ақтөбелік бойжеткендер екен. Ал дәрігерлер ерте жаста жүктілігін тоқтатқан қыздардың бедеу болып, болашақта ана бақытын сезіне алмайтындығын айтып дабыл қағуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Қызым үйде, қылығы түзде". Сыртта жүргенде шалыс басып, жаңылысқан бойжеткендер Қазақстанның жағымсыз статистикасына қосып жатқан үлесі аз емес. Мәселен, кәмелет жасына толмаған қыздардың түсік жасауы бойынша, еліміз әлем елдері ішінде алғашқы ондығына еніпті.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде жыл басынан бері 14 жасқа толмаған 10 қыз түсік  жасатқан. Ең көп дерек Қарағанды және Ақтөбе облыстарында тіркелген. Ал кәмелетке толмағандар арасында 196 бойжеткен жүктілігін жасанды түрде тоқтатқан екен.

Бұл тек ресми тіркелгендері ғана. Яғни, жағымсыз көрсеткіш бұдан да көп болуы бек мүмкін. Мамандардың сөзінше, шалыс басатындардың дені қалаға арман қуып келген ауылдың қыздары көрінеді. Жеке өмірге келгенде білімі аз, сауаты төмен олар сүйіктілерінің махаббатына мастанып, қалай алданып қалғандарын білмей қалады екен. 

"Мына мектепте оқитын қыздардың "папигі" бар көрінеді. "Папик деген не?" деп сұраса, үлкен-үлкен кісілер қыз балалардың басын айналдырып, қымбат-қымбат заттарын алып беріп, қыдыруға шақырады екен. Жаңағыдай 14-15 жасқа келіп түсік жасатып жатқан қыздардың көбейіп, олардың тағдырына осылай әсер етіп жатқан мұндай азаматтар деп ойлаймын", - деді қоғам белсендісі Айша Құрманғали.

Әлі бесіктен белі шықпаған оқушы қыздың  жүктілігі - барып тұрған қылмыс. Сондықтан оны мұндай хәлге жеткізген адам заң алдында жауап беруі тиіс, дейді құзырлы орган өкілдері.  

"14 жастағы бойжеткендер бізде жауапкершілікке тартылмайды. Неге? Өйткені, олардың әрекеттеріне жауап беретін ата-анасы, сосын заңды өкілі. Қамқорлығына алғандар жауапкершілікке тартылады", - деді заңгер Саида Сүлейменова. 

Тек былтырдың өзінде 6000 оқушы қыздың аяғы ауыр болып, 3500-ге жуығы түсік жасатыпты. Тіпті, аборт былай тұрсын, "он екіде бір гүлі ашылмағандар" арасында түрлі венерологиялық ауруларды жұқтырғандары да баршылық екен. 

Ал дәрігерлер болса, ерте жаста жүктілігін тоқтатқандар, болашақта ана бақытын сезінуі екіталай, дейді. 

"Егер осы кезде жүктілік болған жағдайда, оны түсік тастаған жағдайда әрине көптеген асқынулар, жыныс ағзаларының қабынуы, қан кетуі, минустрияалдық циклдің бұзылуы, созылмалы қабыну аурулары, аналық жатыр мен безінің фунциясының бұзылуы, әрі қарай бедеулікке әкеліп соқтыруы мүмкін", - деді гинеколог Жанерке Ажетова. 

Бір қызығы, халқы бізден бес-алты есе көп елдерде "түсік" деген ұғым мүлдем жоқ екен. Болған күннің өзінде некен-саяқ кездеседі дейді мамандар. Ал, халық қалаулылары болса, "бармақ тістеп" қалмас үшін тәрбиені күшейту керектігін айтады. 

"Жастардың жауапкершілігін арттыру керек. Мектепте сонау ерте жастан, тәрбиеге мән бөлу керек. Неге ол екіқабат болады? Осы ғой мәселе. Қорғана білу керек, сақтала білу керек. Түсіну керек, тәрбие жұмыстары ғой бұл жерде", - деді мәжіліс депутаты Зәуреш Аманжолова. 

Мамандардың сөзінше, шетелде  түсікті алдын алу жұмыстары қарқынды жүреді. Яғни, оқушыларына мектеп қабырғасынан бастап, үйлі болудың мән-жайы түсіндіріледі. Ал бізде бұл қанша көтерілгенімен, ұят дегенге салынып, тек кейінге шегерілуде. Сондықтан ұлттың өшуін емес, керісінше өсуін қаласақ, тез арада жасанды түсік болдырмаудың жолдарын қарастыруымыз қажет дейді қоғам белсенділері

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да жеңіліс: Күрестен әлем чемпионатында отандасымыз күміс жүлде алды

Күрестен әлем чемпионатында қазақстандықтар үшін алтын жүлде бұйырмай тұр

10 адам жараланды: Арыста тағы да жарылыс болды

Полигонда арнайы жұмыстар кезінде оқ-дәрі бөлшегі өздігінен жарылып кеткен

Тоқаевтың Нью-Йоркке неге баратыны белгілі болды

Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркке 196 елдің өкілдері келеді

57 адам ұсталған: Министрлік заңсыз митингке шыққандар туралы мәлімдеме жасады

Жекелеген азаматтар елде тыйым салынған экстремистік ұйымның арандатушылығына ерген

Иттер талап тастаған: Қазақстандық әйел жаңа туған баласын мазарға тастап кеткен

Сәбидің денесін мазарда иттер сүйрелеп, талап тастаған

Үш жыл бойы алып келген: Оралдық көпбалалы әйелге мемлекеттен алған ақшасын қайтару міндеттелді

Үш жыл ішінде алған зейнетақыны мемлекетке қалай қайтаратынын білмей отыр

"Ессіз ғашықпын": Yuframe блогері тойға қызу дайындық үстінде

Айымның таңдауы Талғат Итбаев есімді бизнесмен жігітке түскен

Жоғалып кеткен астаналық барменнің өлі денесі табылды

Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, денеде зорлық-зомбылық белгілері жоқ

2025 жылға қарай Қазақстан пластикалық пакеттерден бас тартады

Қазақстанда пластиктен бас тарту алты жыл ішінде кезең-кезеңмен жүреді

"Бір де бір құжаты жоқ": Жаңаөзен әкімі қызмет көлігін заңсыз пайдаланған

Әкім көлігін жемқорлыққа қарсы қызметкерлер мен жол сақшылары тексерген
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр