Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өмірзақ Шүкеев комбайнды тізгіндеп, бидай орды

Түркістан облысының басшысы Ордабасы ауданы Боржар елді мекеніндегі «Мақта компаниясы» ЖШС-да болып қайтты. Астық ору науқанына қатысқан Өмірзақ Шөкеев комбайнды жүргізіп, бидай орды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өмірзақ Шүкеев комбайнды тізгіндеп, бидай орды

Өңір басшысы облыстағы егіс көлемімен, ауыл шаруашылығы саласындағы жұмыстармен танысты. 

"Сондай-ақ әкім шаруалармен кездесіп, ұсыныстарын тыңдады", - дейді әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер. 

Сонымен қатар облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі Өмірзақ Шөкеевтің комбайн тізгіндеп, бидай орған сәтінің суреттерін жариялады.

Өмірзақ Шүкеев комбайнды тізгіндеп, бидай орды

Қазіргі таңда облыстағы бидай алқабының 44 пайызы орылған. 

"Яғни 94 мың гектардан183 мың тонна астық жиналып отыр. Жалпы 218 мың гектардың әр гектарынан 21 центнерден өнім алғанда 463 мың тонна бидай алу жоспарлануда. Астық оруға қолда бар 1012 дана астық комбайндардың90-95% дайындалып, жинау жұмыстарына кіріскен", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Талқылау