Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тамағыңнан бауыздаймын, тыныштық бермеймін": Қазақстандықтарға хабарласып код сұрайтын алаяқтар қорқытуға көшкен

Тұрғындардың тірнектеп жиған теңгесін баяғыда әмияны мен қалтасынан ұрлайтын. Қазір телефонның ар жағында отырып-ақ, ақшаңызды үптеп кететіндердің тым көбейгенін ескерткіміз келеді.

Жыл басынан бері елімізде 4000-нан аса отандасымыз, осындай алаяқтық оқиғадан опық жеген. Бұл өткен жылдан екі есе көп. Кімнен көреміз? Дүйім жұрттың жеке мәліметіне жауапты банктен бе? Әлде азаматтардың аңғалдығынан ба? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Алаяқтармен бетпе-бет келген көп қазақстандықтың бірі Малика Дүйсенбаева. Хакерлер оны бір емес, екі мәрте алдамақ болыпты.

"Телефоныма қоңырау келіп түсті. Банктің қауіпсіздік қызметіненмін» деп таныстырды өзін. Сіздің картаңыздан заңсыз түрде ақша шешіліп жатыр. Тосқауыл қою үшін сізге хабарлама жібердік, кодты айтып жіберіңіз деді", - қала тұрғыны Малика Дүйсенбаева.

Ұялы телефонына келген хабарламаны ашқанда Мәликаның көзі "Кодты ешкімге айтпаңыз! Тіпті банк қызметкеріне де!" деген ескертуге түседі. Осы арада күдік пайда болады.

"Менің банкке хабарласқанымнан хабардар болған әлгі адам оның алаяқ екенін анықтағанымды біліп, қипақтады біраз. Сөйтіп маған қоқан-лоққы көрсетуді бастады", - деді қала тұрғыны Малика Дүйсенбаева. 

"Тамағыңнан пыщақпен орамын. Саған қанша уақытымды құрттым. Өміріңнің соңына дейін тыныш қалдырмаймын", - деді.

Осылайша, Малика алаяқтың өзін қақпанға түсірді. Есесіне, арам ойлылар Әлия Аманбековаға айласын асырған. Әлияның айтуынша, қоңырау кезінде ол өзінің не істеп, не қойып тұрғанын білмепті. Құдды бір гипноз тәрізді.

"Қоңырау кезінде мен өзімнің не істеп жатқанымды білмеймін. Гипноз секілді болды. Смс келді сосын, 500 мыңға сіздің атыңызға кредит рәсімделді деп. Дәл қазір жақын арада тұрған каспий терминалына барып, сол ақшаны шешіп, бізге жіберуіңіз керексіз дейді", - дейді қала тұрғыны Әлия Аманбекова. 

Банк қызметкеріне көмектеспек болған Әлия дереу ақшаны шешіп алып, алаяқтардың есеп-шотына салып жібереді. Нәтижесінде 500 мың теңгеге қарызға батты. Осы орайда, банк Әлияның қарызын кешіре ме деген заңды сауал туындайды. Бұған Ұлттық банк өкілі былай дейді.

"Егер операция ҚР заңнамасы шеңберінде жүзеге асырылған болса, тергеу нәтижесінде банктің кінәсі расталмаса және клиент бар ақпаратты алаяққа өз аузымен айтып берген жағдайда, банк шығынды өтемейді", - дейді ҚР ұлттық банктің тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің бас маманы Александр Козлов. 

Ал банктің кінәсі расталған жағдайда қайтпек керек?

"Банк қызметкерлеріне де жауапкершілік көзделеді. Сотқа арызданса болады, өйткені банк белгілі, жәбірленуші белгілі. Мамандардың айтуынша, алаяқтардың арбауына түсіп қалған жағдайда әуелі банкке қоңырау шалып, есеп-шоттарыңызды бұғаттау керек. Содан кейін ғана жақын маңдағы полиция бөлімшесіне жүгінесіз", - дейді ҚР ішкі істер министрлігі, криминалдық полиция департаментінің өкілі Ақылбек Рахымжанов. 


 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Балаларға бір үзім нан табудың өзі қиын": Көпбалалы отбасының АӘК-сін тоқтатып, ақшаны қайтаруын талап еткен

Жеті баланың анасы отбасын жалғыз өзі асырауға мәжбүр

Құрбанын селфидегі көзінің қарашығы арқылы тапқан: Жанкүйері жас әнші қызды аңдып жүріп зорлап кетті

Айыпталушы әншінің темір жол стансасында екенін суреті арқылы анықтады

Қазақстандық азаматтың асқазанынан ішіне кокаин салынған 42 капсула табылды (видео)

Ер адам 15,5 жылға бас бостандығынан айырылды

Алдағы күндері Қазақстанда қар жауады

15-17 қазанда республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады

"Жататын жерім болмай, өзбектермен вагонда жаттым": Танымал жүргізуші Алматыға келгенде тап болған қиындықтары туралы

Аяна Ғабдуллина: Мені Қайрат Нұртас қатты таңғалдырды

"Қауіпті жұмыс": Министр Арыстағы әскери қызметкерлердің жұмысы туралы

Ермекбаев көз жұмған әскери қызметкердің отбасына көңіл айтты

Қазақстанда нан бағасы қымбаттайды

Қазіргі уақытта нан әр өңірде 75-78 теңге аралығында сатылуда

"Менің жоғарыда тіреуім жоқ": Дана Нұржігіт сенаттан бір-ақ шыққаны туралы

Журналист: Мен үшін күтпеген ұсыныс болды

Атырау облысының әкімі перзентханадағы сұмдық жағдай туралы: Сәби өлімі – біз үшін трагедия

Ноғаев сәби өлімі проблемасы мен ана мен бала күтімі басты назарда болатынын айтты

"Күйзелісте жүрмін": Сиви Махмуди күйеуімен ажырасып кетті дегендерге жауап берді

Сиви Махмуди соңғы уақытта өмірінде болған өзгерістерден әлі есін жия алмай жүр
Çàãðóçêà...