Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өмірінде кездесіп көрмеген: Кедей еркекке ғашық болған миллионер әйел оны түрмеден босатып алды

АҚШ-та Crossfit компаниясының негізін құраушылардың бірі Лорен Дженайдың  күйеу жігіті түрмеден босатылды. Ол үшін әйел кепіл ретінде 2 миллион доллар (775 млн теңгеден аса) төледі.

Өмірінде кездесіп көрмеген: Кедей еркекке ғашық болған миллионер әйел оны түрмеден босатып алды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Inside Edition басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Тайрон Такер мен Дженай жас кездерінде таныс болған. Алайда бірде бір рет кездеспепті. Такер адам өлімі үшін айыпталып, түрмеге түскеннен кейін ғана олардың қарым-қатынасы қалпына келген. Осы күнге дейін олар видеобайланыс арқылы сөйлесіп, Такер түрмеден босап шыққанда ғана алғаш рет сүйісіпті.

Ер адамға Флоридадан кетуге тыйым салынды. Ал оның қозғалысы аяғындағы электронды білезіктің көмегімен бақыланады. Ғашықтар Ки-Уэст қаласында орналасқан. Мұнда Дженай құны 3 миллион доллар тұратын үйді жалға алып отыр. Олар сот отырысына дейін үйленуді жоспарлауда. Сотта Такерді өмір бойына бас бостандығынан айыруы мүмкін. 


Тағы оқыңыз:

19 жастағы қыз түнгі клубта билеп жүріп босанып қалды


2000 жылы Лорен Дженай мен күйеуі Грег Глассмен дене шынықтару әдістерін ұсынатын Crossfit компаниясын құрған. 2016 жылы жаттығу әдісі мыңдаған залдарда үйретіліп, брендтің өзі 4 миллиард долларға бағаланған. Дженай күйеуімен ажырасқаннан кейін отбасылық мүліктің жартысын иемденіп, бизнестегі үлесін 16 миллион долларға (6 млрд теңгеден аса) сатыпты. 

Такер түрмеге дейін көше кезіп, кеме немесе үйсіздерге арналған орталықтарда түнеп, ауыр жұмыстарды істеп нәпақа тауып жүрген. 2017 жылы ол ұрлық кезінде адам өлтірді деп айыпталады. Ер адам түрмеге түскеннен кейін, Дженай онымен видеобайланыс арқылы сөйлесе бастап, артынша араларында сезім пайда болған. Әйел Такердің кінәсіз екеніне сенеді.

Талқылау