Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Өмірге деген құлшыныс...»: Арбаға таңылған жігіттің тойында жарына салған әні жұрттың жүрегін елжіретті

Үйлену тойында жарына ән салған арбаға таңылған жігіт жұрттың жүрегін елжіретті. Жас жұбайларға желі қолданушылары бақыт тілеп, өшпес махаббат тіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

үйлену той

Бұл сәтті «Жігіттер» квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымов өз Facebook-парақшасында жүктеп, тойда айтылған әні ары қарай да жас жұбайларды бақытқа кенелтуін тіледі.

«Ән айтсаң, жаныңды жеп айтасың дегенді көпшілік түсіне бермес. Ән айту үшін тағдырыңа ұқсас, табиғатыңа сай дүние іздейсің... Жарыма деген кұрметті көп сөзбен емес, әнмен жеткізсем деп жарыққа шығарып едім. Тек соның телефон қоңырауынан ғана естіп жүріп, "жар-жар" әнінің орнына арнайы шақырып, жастарды құтты орнына қондырған сәттер болып еді. Ал мына видео мүлде бөлек. Өмірге деген құлшыныс, шынайы махабатты осы жерден көре аласыз! "Үйлену үшін махабат жеткілікті. Ал оны сақтап қалу үшін, сабырлық пен кешірімді үйрену қажет" - дейді! Өмірдің өзі күніге сабақ үйретеді», – деп жазды ол.

Өз кезегінде желі қолданушылары үйленіп жатқан жас жұбайларға ақ тілектерін жаудырып, бақыт тіледі. «Алланың қолдауымен аяғынан тік тұрсын!», «Әр адам бақытты болуға міндетті», «Бақыттарың баянды болсын жас жұбайлар» деп жазды олар. 

 

Талқылау