Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Немерелерімен бірге рэп оқиды": 80 жастағы қазақстандық вайнер әже жұртты тәнті етті

80 жастағы Вайнер әже жұртты тәнті етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Таңғы хабар" бағдарламасына сілтеме жасап.

Немересімен бірге рэп оқитын, түрлі челлендждерді айнытпай қайталайтын Мәриям әже әлеуметтік желі қолданушыларына жақсы таныс. Көрерменнің көзайымына айналған вайнер әжей немерелері мен шөберелерінен қолы қалт еткен кезде вайн түсірумен айналысады.

"Кеше ғана 79 жасқа келдім. 2017 жылдан бастап вайнға түсемін. Өзім үйрендім, маған жағып қалды, қызық болды. Балам жұмыстан кейін вайнға түсіреді. Немереме қосылып, көңілімді көтеріп тұрамын", - дейді Мәриям Амраева.

Бүгінде әжей немересінен жазып алған 100-ден астам рэп жаттаған. Немересімен бірге жұрттың ықыласына бөленген 80 жастағы әже бұл істің ұнайтынын ашық айтты. Бүгінде әжесі мен немересінің жазылушыларының саны көп.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Бабушка и отпуск😂 Отмечай 3х-лучший друзей я тебя пролайкая Оцените видео ставьте ❤️ и пишите коммент⬇️ —————————————— #стендап #юморпорусски #юмор #смешнаяозвучка #смешноевидео #смешно #смехдослез #приколы #видео #видеоприколы #приколюхи #смешныеживотные #смешнодослез #ptencoff #uz_video #бабушка #смешное #смех #best_video #uz_video #ptencoff #smile #chellenge #madvideo #видео #смех #алматы #бабушка #приколы #вайн #жесть

Публикация от 𝕀𝕓𝕣𝕒𝕘𝕚𝕞𝕠𝕧 𝔻𝕚𝕝’𝕤𝕙𝕠𝕕 (@atlant.atzf)

"Әжеме алғаш рет айтқан кезде бірден келісті. Достарыма көрсеткенде таңқалысып жатты. Әжең рэпты жақсы айтады екен, түсіре бер деді. Апам өмірде тура вайнда сияқты көңілді адам", - дейді Дильшот Ибрагимов.

Әженің қалжың-шыны аралас вайндарының астарында өзекті мәселелер де бар. Осылайша немересі ұсынған жұмыс Мәриям әженің өмірлік қызығушылығына айналған.

Талқылау