Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өмір заңы": Роза Рымбаева жаңа туындысын халыққа ұсынды

Роза Рымбаеваның жаңа бейнебаяны жарық көрді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Роза Рымбаеваның  шығармашылығындағы бұл жаңалықты алғашқылардың бірі болып Әли Оқапов желідегі парақшасында бөлісті. "Өмір заңы" атты тың туынды ғашығына деген сағынышын айтып жатқан адамның жан сырын, ішкі сезімін айқындайды. Бейнебаян да адамға сағыныш сезімін ұялатып, бойыңды баурап алады.

"Роза Рымбаеваның "Өмір заңы" атты әніне түсірілген бейнеклипін қарсы алыңыздар!" - деп жазды Әли Оқапов.

Туынды қазақ және орыс тілдерінде тыңдарманға ұсынылған. Жаңа бейнебаянды халық жақсы қабылдап, ақ тілектерін жаудырды. Өнер иесінің ғажап дауысына тамсанған жұрт жарыса пікір жазысқан.

"Ғажап дауыс иесі", "Керемет Роза Қуанышқызы! Сіз әрдайым Қазақ өнерінің королевасы болып қаласыз!", "Әсерлі ән", "Ең үздік ана, әйел, әнші", - десті жұрт.

Талқылау