Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өлтіріп тастаймын деп қорқытқан": Түркістан облысында имамды отбасының көзінше ұрып-соғып кетті

Түркістан облысында ауыл имам отбасының көзінше ұрып-соғып кетті. 

Түркістан облысында имамды отбасының көзінше ұрып-соғып кетті

Видеодан скриншот

Түркістан облысы Сайрам ауданында имамды әлдекім ұрып-соғып кетті. Тұрғындар имамның ауруханада, күдікті бостандықта екенін айтты. Бұл туралы Ильяс Бурханов желідегі парақшасына жазды. 

"Біздің ауылдың имамын әлдекімдер ұрып кетті. Әйелі имамды темірмен ұрғанын айтты. Бұзақының екі інісі есіктен араша түскендерді кіргізбей ұстаған. Имам ауруханада, ал бұзақылар бостандықта жүр. Мұны бұлай қалдырмау керек", - деп жазды ол. 

Бұл оқиғаны полиция департаменті растады. 

"Оқиға Сайрам аудандық полиция басқармасында тіркелді. 10 шілде күні болды. Қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалды. Сол нәтиже бойынша шешім шағыралады", - деді Түркістан облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова.

Талқылау