Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өлтіріп, денесін көміп тастаған: Жамбыл облысында ер адам 20 жыл бұрын жасаған қылмысын мойындады

Жамбыл облысында полиция 61 жастағы ер адамды тұтқындады. Ол 21 жыл бұрын жасаған қылмысын мойындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық ПД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шешіндіріп, қайта киіндірді: Марқұмды қызметтік киімі үшін қабірден қайта қазып алған

Мойынқұм аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері жедел іздестіру шараларының барысында егде жастағы ер адамды анықтап, тұтқындады.

Тұтқындалған азамат 1998 жылы желтоқсан айында жолдасымен ішімдік ішкенін айтты. Артынша олар сөзке келіп қалған. Нәтижесінде ол ИЖ 12 маркалы қарумен жолдасын атып тастап, салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмған.

«Тергеу жұмыстарының барысында күдіктінің көрсетуімен үйінің ауласынан жерленген мәйіт табылды. Сонымен қатар күдікті 2013 жылы ерікті түрде өткізу акциясында оқ атылған қаруды Мойынқұм ауданы ішкі істер бөліміне өткізгенін айтты. Қаруды өткізгені туралы мәлімет АЕК-на тіркелген», - дейді полициядағылар. 

Сонымен қатар, ішімдік ішіп отырған көрші бөлмеден оқ дауысын естіген куәгер түсініктемесі бар. 

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлімімен (Кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Талқылау