"Өлтіріп, денесін көміп тастаған": Түркістан облысында жоғалып кеткен әйел өлі табылды

Түркістан облысында жоғалып кеткен зейнеткер бірнеше ай бойы іздестірілген еді. Алайда тергеу барысында оның өлтірілгені анықталды. Егде жастағы әйелдің денесі көрші үйдің ауласынан табылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Оқиға Сарыағаш ауданындағы ауылдардың бірінде орын алған. Жергілікті тұрғынның жоғалып кеткені туралы оның қызы хабарлапты. Әйелдің сөзінше, анасы биылғы жылдың маусым айында белгісіз жағдайда жоғалып кеткен. Мұнан кейін құқық қорғаушылар жоғалып кеткен әйелді іздестіруді бастаған. 

Жедел іздестіру шараларының кезінде зейнеткер туралы қандай да бір мәлімет білуі мүмкін дегендердің бәрінен жауап алынған. Сонымен қатар полиция өңірді толық аралапты. Алайда ұзаққа созылған іздестіру амалдары нәтиже бермегеннен кейін, полиция істі өзгертіп, әйелдің өлтірілуі туралы нұсқаны қарастыра бастайды.

Әйелдің жоғалып кеткенінен 4 ай өткеннен кейін ғана күдіктіні табу мүмкін болды. Полиция зейнеткерге көршілес үйді бір азаматтың жалға алып, көшіп келгенін анықтапты. 

Ер адамның сөзінше, ол зейнеткерден қарызға ақша алған. Артынша егде жастағы әйел қарызын қайтаруын сұрапты. Осыдан кейін олардың арасында жанжал туады. Күдікті әйелді ұрып-соққанын, артынша оның алған жарақатының салдарынан көз жұмғанын айтты. Ол қылмысын жасыру үшін, кейуананың мәйітін жасыруды ұйғарыпты. Осылайша, мәйітті тұрып жатқан үйінің ауласына көміп тастаған. 

Күдікті полиция қызметкерлеріне зейнеткердің денесін қайда көміп тастағанын көрсетті. Полиция мәйітті сараптамаға жіберді.

Қазіргі уақытта күдікті қамауда отыр.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандағы балабақшаларда ағылшын тілін оқытудан бас тартпақ

Ағылшын тілі пән ретінде мектепте оқытылады

«Иісі жаман екен»: Бұзаубас қоңызын жеп жөтелден айықты

Науқас: Бұзаубастың емдік қасиетіне сенемін

Алматы облысында әйел полицейдің көлігінде босанды

Толғағы қысқан әйелге полиция көмекке келді

Шұғыла Сапарғалиқызы: Қазақстанда тұрғанша, Үрімжіге барғаным артық деп ойладым

Биші отанына келгендегі алғашқы әсерін бөлісті

"Сұлуын-ай": Нұрболат Абдуллин алғаш рет жұбайын көрсетті

Желі қолданушылары әншінің жарының сұлулығына тамсануда

Ең пайдалы жаңғақ түрлері белгілі болды

Жаңғақтардың қандай ауруларға ем екені белгілі болды

Бес көлікпен соқтығысып, ұйықтап қалған: Қарағандылық жүргізуші тұтқындалды

Ол уақытша ұстау изоляторына тоғытылды

Білім және ғылым министрі: Тазабек мектептерде дәріс оқымауы керек

Асхат Аймағамбетов журналистердің сұрағына жауап берді

Алматы облысында ер адам өрт кезінде әйелі мен балаларын құтқарамын деп көз жұмды

Оның үлкен ұлы да өрттің құрбаны болды

Смартфондардың тез қартаюға әсер ететіні белгілі болды

Гаджет экраны көздің тор қабығы мен ми жасушаларына зақым келтіреді
Çàãðóçêà...