Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өлтіріп, арыққа лақтырып тастаған: Алматыда жас қызды өлтіргендерге сот үкімі шықты

Алматыда 22 жастағы қызды өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты. Айыпталушы Евгений Степанов 12 жылға бас бостандығынан айырылса, сыбайласаы Асхат Баржақсин 4 жылға сотталды. Сонымен қатар соталушылардың екеуі де қайтыс болған қыздың туыстарына моральдық шығын өтеуге міндеттелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Өлтіріп, арыққа лақтырып тастаған: Алматыда жас қызды өлтіргендерге сот үкімі шықты

Еске сала кетсек, Анастасия Галеева ақпан айында жоғалып кеткен еді. Полицейлер мен еріктілер оны бірнеше апта іздеді. Арада екі ай өткеннен кейін қыздың денесі арықтан табылды

Сот үкімі шықпас бұрын сотталушылардың бірі Галееваның әкесінен кешірім сұрады. 25 жастағы Асхат Баржақсин соңғы сөзінде Анастасияны өлтіру туралы ойлары болмағанын айтты. Ол жазасын алып, сондай-ақ, моральдық шығынды өтеуге дайын. Сонымен қатар Баржақсин соттан өзін бас бостандығынан айырмауды сұрады. 

Сот жарыссөзінде 27 жастағы Евгений Степанов та болған жайт үшін кешірім сұрады. 

Сотталушылар өздеріне тағылған айыппен келіспегенімен, сот олардың пайдасына шешім шығармады.

«Степанов ҚР ҚК 99-бабы 1-тармағына (Кісі өлтіру) сәйкес кінәлі деп танылып, қауіпсіздігі жоғары мекемеде 12 жылға бас бостандығынан айырылсын. Асхат Баржақсин ҚР ҚК 432-бабына (Қылмысты жасыру) сәйкес кінәлі деп танылып, қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде 4 жылға бас бостандығынан айырылсын», - деді судья Мұхидин Тохтахунов.

Сонымен қатар сотталушылар Галееваның туыстарына 4 миллион теңге көлемінде моральдық шығын өтеп беруі тиіс. 

«Бұл адамдар алған жаза мерзіміне қарамастан, өмірінің соңына дейін моральдық тұрғыда қиналатынына сенімдімін. Ол өте ауыр жүк», - дейді қайтыс болған қыздың әкесі Эдуард Галеев. 

Сотталушылар сот шешіміне разы болмады. Олар үкімге қатысты шағым түсіре ме, жоқ па, ол жағы әзірге белгісіз.

Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Бас сүйек миы қатты зақымдалған": Дәрігерлер зардап шеккен адамдардың жағдайы қалай екенін айтып берді

ЖКО орнына жедел жәрдемнің 11 бригадасы және ҚР ІІМ ТЖК-нің бір бригадасы шықты

"Алдында 7 адамнан көп өлді": Шымалғанға жиылған жұрт шу шығарды (видео)

Тұрғындар 20 жылдан бері көпір салдыра алмай жүргенін айтты

Шымалғандағы ірі жол-көлік оқиғасы: Зардап шеккен әйел балаларымен жансақтау бөлімінде жатыр

Алматы полиция департаментінде көз жұмған автобус жүргізушісі туралы айтып берді

Шымалғанда теміржолдағы ірі жол апаты: Қаза болғандар туралы ақпарат жаңарды

Бұған дейін екі адамның көз жұмғаны туралы хабарланған еді

Шымалған станциясындағы ірі жол апаты: Пойыздың соғылу кезінде екі бала мен әйел зардап шекті (видео)

Жантүршігерлік жол апатына байланысты тергеу амалдары басталып кетті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы ірі жол апатына байланысты көңіл айтты

Шымалған станциясындағы теміржолда ірі апат орын алды

Шымалған станциясында пойыз автобусқа соғылды: Құрбан болғандар бар

Үлкен жылдамдықпен келе жатқан пойыз жолаушылар автобусына соғылған

Елордада бір жетіден бері 24 жастағы жігіт із-түзсіз жоғалып кетті

Соңғы рет оны адамдар Ұлы Дала мен Мәңгілік ел даңғылының қиылысында көріпті

УДЗ-ға түскен бойжеткен "шайтаннан аумайтын" сәбиін көріп, шошып кетті 

Экраннан баланың бір аунап, күлімдеп қарағанын көрген болашақ ана өз көзіне сенбеді

Бауыржан Байбек Алматы қаласының қадірлі азаматы атанды

Қаланың экс-әкімін оңтүстік астананың қазіргі басшысы Бақытжан Сағынтаев марапаттады
Çàãðóçêà...