Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өлтіремін деп қорқытқан": Ақмола облысында ақшаға төсектес болып жүрген жас қыз ұсталды

Ақмола облысында 26 жастағы қызды интим қызмет көрсетуге мәжбүрлеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі аталған өңірдің полиция департаментіне сілтеме жасап.

әйел

Полиция мәліметінше, 20 қыркүйек күні 26 жастағы азамат жезөкшелікпен айналысқаны үшін ұсталды. Кейін Шучинск тұрғынының осылай жасауға мәжбүр болғаны белгілі болды. Оны біреулер бұлай жасамаса, өлтіретінін айтып қорқытқан. 

Мұнымен қатар, 17 қыркүйек күні Көкшетауда 40 жастағы әйелдің жеңгетайлықпен айналысып жүргені анықталды. Ол да қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 

Талқылау